Имекең – нағыз жас жігіт
2015 ж. 09 желтоқсан
4049
7
***
Сынаса күшін, бәс тігіп,
Сұсымен кетер, тасты үгіп.
Отызға отыз қосқан жоқ,
Имекең – нағыз жас жігіт.
Халқым деп жүрген бас тігіп,
Бұл кісі – елге басты үміт.
Он тоғыз асты, қырықтан,
Имекең – әлі жас жігіт.
Жүрекке салып достық із,
Имеке, айттық, тостты біз:
Жасаңыз тағы қырық бір,
Елуге тоғыз қостыңыз!
Он жағында алты қыз,
Сол жағында алты қыз.
Ел қорғайды ер Имаш,
Аман болсын, халқымыз!
Серік Абас-шах