Айыптаушылар Серік Ахметовті 12 жыл бас бостандығынан айыруды талап етті
2015 ж. 03 желтоқсан
2744
40
Қарағанды облыстық сотында Серік Ахметов және басқа да қарағандылық экс-шенеуніктер ісіне байланысты екі жақты пікірталас басталды. Бүгін мемлекет тарапынан айыптаушы Диар Әділов С.Ахметовке қатысты шараларды өзгертіп, сотталушыны 12 жыл бас бостандығынан айыруды талап етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Ахметов Серік Нығметұлын Қылмыстық кодекстің 176-бабы 4-бөлімі «б» тармағы, 307-бабы 3-бөлімі, 310-бабы 3-бөлімі «а» тармағына, ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы 4-бөлімі «в» тармағына сәйкес айыпты деп танып, 12 жыл бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, 5 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру жазасын беруді сұраймын», - дейді Д.Әділов.
Сондай-ақ, Әділов сотталушыны дәл сот залында тұтқынға алуды талап етті.
Естеріңізге сала кетейік, Ахметов ісіне байланысты сот отырысы биылғы жылдың тамыз айынан басталды. Қылмыстық іс бойынша 21 айыпталушы қарастырылған. Тыңдалым 7 бөлімнен тұрды. Сот ісіне қатысты 325 том құжат жиналған.
BNews.kz