- Егер ядролық қару Таяу Шығысқа жетсе, ендеше мұның салдары ауыр болды. Ашығын айтқанда, әлемдік деңгейдегі апат болады.
- Обама мен Еуропа Иранға ядролық қару жасауға жол ашатын кілтті беріп қойды. Ал Сауд Арабиясы өзіне ядролық қаруды сатуға әзір тасымалдаушыны іздеп жүр. Пәкістан мұндай қаруды сатуға әзір. Нені байқадыңыз? Анығында, біз қашып құтыла алмайтын апаттың алдында тұрмыз.
- Сириядағы жағдайға Ресей араласқалы бері мұндағы ұзақ жыл бойына сақталып келген геосаяси құрылым біржолата құлады.
- Төрт бірдей араб мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Бұлар: Ливия, Сирия, Ирак және Йемен. Бұлардың барлығын ИГИЛ басып алуы мүмкін. «Ислам мемлекеті» шариғат заңымен өмір сүретін жаһандық халифатқа айналуды көздейді.
- АҚШ пен Батысқа ақылмен ойластырылған стратегия керек. Бірақ, мұндай стратегия әзір жоқ.
- Иранды жөні түзу мемлекет санау – санасыздық. Бәлкім, уақыт өте келе бұл ел АҚШ пен Батыс армандаған мемлекетке айналар. Бірақ, қазіргі Иран «Армагеддонға бастайтын жолда тұр».
- Сириядағы соғысқа араласқан Путин бірінші кезекте Ресейді қорғап жатқанын түсіну керек.
- ИГИЛ бар кезде және күшейіп жатқан тұста ол Таяу Шығыстағы жағдайдың тұрақсыз болуына әрдайым және әркезде мүдделі болмақ. Башар Асадтан бұрын, алдымен «Ислам мемлекетінің» көзін құрту керек.
- АҚШ ИГИЛ-ға қарсы соғысқа Ресейдің араласқанын қолдайтынын аңғартып алды. Путин Америка «Ислам мемлекетіне» қарсы күресетін жаңа альянс құруды ұсынды. Бұл жақсы нәтиже беруі мүмкін.
Генри Киссинджер: Әлем ядролық соғыстың алдында тұр!
2015 ж. 03 желтоқсан
3115
0
Атақты саясаткер, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер Wall Street Journal газетінде бүгінгі жаһандық жағдайға, оның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты өз көзқарасын білдірген екен. Әзір күллі әлем Киссинджердің мақаласын басынан-аяғына дейін сараптап, талқылап жатыр.
Мақала ұзақ. Осы себепті біз автордың ең өзекті әрі ең маңызды ой-пікірлерін ойып алып бергенді жөн көрдік.