Астанада жасырын топ теракт ұйымдастыруды жоспарлаған
2015 ж. 21 қараша
2407
2
20 қараша
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті елордада жоспарланған терактінің алдын алды.
Бұл туралы бүгін Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша Астана қаласы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті. «Лаңкестікке қарсы мәселелер бірінші орынға шығуда. 4 ай бұрын қалада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада терактіні жоспарлаған жасырынған және жабдықталған үлкен топты әшкере етті»,- деді Жақсыбеков. Отырыс барысында әкім лаңкестік қатерлердің алдын алу мен жолын кесу бойынша жұмыстарды күшейту керектігін қадап айтты. «Кеше қалалық лаңкестікке қарсы комиссияның отырысы өтті. Барлық тиісті құрылымдарға тапсырма берілді. Осы мәселеде құқық қорғау органдары халықтың көмегі мен қолдауына иек артуы қажет»,- деді ол.Дереккөз: ИА "Казинформ"