Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияда
2015 ж. 05 қараша
3038
1
4 қараша
Кеше Ұлыбританияда ресми іссапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті. Кездесу қалай өткенін және нәтижелері қандай болғанын NUR.KZ-тің арнайы репортажынан біліңіз.
Даунинг стрит, № 10. Мұнда дәстүрге сай Ұлыбританияның премьер-министрі тұрады. Кез келген адам кіре бермейтін қара есік. 200 жыл бойы Ұлыбританияның үкіметінің ең маңызды тұлғалары тұрып келген Даунинг-стритке жету үшін бірнеше бақылау нүктелерінен өтуге тура келеді. Қазақстан президенті мен Ұлыбританияның премьер-министрінің кездесуі туралы жазуға келген журналистер де мұндай бақылаудан өтуі тиіс. Ұзақ болмаса да толқуларға толы сәтті «Келе жатыр» деген сөз бөлді. Темір қоршау ашылып, аймаққа 5 көліктен құралған кішігірім кортеж келді. Бірінші қара BMW-да кішігірім Қазақстанның туы желбіреп тұр. Қараңғылатылмаған көлік әйнектерінен ішінде біздің ел үшін маңызды тұлға отырғаны байқалады. Бір минуттың ішінде президент мінген көліктің есігі ашылады. Өзін қарсы алып тұрған Дэвид Кэмеронге бет алған Нұрсұлтан Әбішұлы журналистер камерасына қарап та, қол бұлғап та үлгерді. Кейін қол алысқан екі саясаткер әлгі 10 санымен тұрған қара есік арқылы бөлмеге кіріп кетеді. Ал журналистер Кэмеронның сүйікті семіз Лэри мысығымен бірге сыртта қалады. Президенттің жеке күзетінің басшысы да тілшілердің қасында. Оның президентті күзетіп келгеніне 16 жыл болды. Ол «президентті күзету үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеткілікті адамдар саны қойылады» деп тілшілердің сұрақтарына шебер жауап қайтарып жүр. Жабық есіктің артында Қазақстан мен Ұлыбританияның ынтымақтастығы туралы келіссөздер жүріп жатқан уақытта, журналистерді Ұлыбританияның СІМ ғимаратына алып кетті. Мұнда Назарбаев Біріккен Патшалықтың бизнесмендерімен кездеседі. Осы кездесу барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанға Лондоннан ештеңе қажет емес екенін мәлімдейді. «Біз тек сіздерді Қазақстанға келіп, бірге ақша табуға шақырамыз», дейді президент инвесторларға. Қазақстан делегацясы «Экспо-2017-ге» Ұлыбританияның қатысуы туралы келісімшартқа қол жеткізді. Сонымен қатар ағылшын компаниялары Қазақстанның түрлі салаларына инвестиция құятын болды. Барлығы 12 млрд доллар инвестиция бөлінеді. Президент Қазақстандағы 500 компания британдық капиталдың қолдауымен жұмыс істеп жатқанын алға тартты. Өзара құқықтық көмекке қатысты келісімшартқа қол қойылуда. Келіссөздерден кейін Нұрсұлтан Әбішұлы журналистермен кездесіп, кішігірім брифинг өткізді. Ол кездесу қорытындылары мен жетістіктерді баяндап берді. Президент журналистер жаудырған барлық сұрақтарға жауап қайтарды. Сол күннің кешінде президент «Арселор Миттал» компаниясының басшысы Лакшми Миталмен, «Хикма Фармасьютикалс» компаниясының басшысы Саид Дарвазамен, «Рио Синта» компаниясының басшысы Сэм Уолшпен, «Шелл» компаниясының басшысы Бен ван Берденмен қазақстандық делегация жайғасқан қонақүйде жолықты. Айта кетерлігі, классикалық стильдегі қонақүйдің кіреберісінде Қазақстанның туы желбіреп тұр. Бұл бүгін қонақүйде біздің елдің президенті жайғасқанын білдіреді.Қорытынды жасайық
Ұлыбританияға ресми іссапары барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесіп, Қазақстан, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия елдері арасындағы құқықтық көмек келісімшартына қол қойды. Сонымен қатар Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықпен күрес агенттігі мен Ұлыбритания министрлер қабинетінің хатшылығымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол жеткізілді. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Ұлыбритания өзара инвестициялар құю шешімін қабылдады. Нақтырақ айтқанда Ұлыбритания тарабынан 12 млрд доллар инвестиция түсетін болды. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев Кэмеронмен кездесуден кейін өткізген брифингісінде мәлімдеді. «Мен бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның еліне ресми іссапармен келуге шақыртуын қабылдап, онымен келіссөздер жүргіздім. Іссапар Қазақстанға үлкен сыйластық танытумен ұласуда. Бұл біз үшін өте маңызды. Қазақстанды біліп, бағалап, құрметтейді. Біздің ортақ жұмыстардың нәтижесінде бұл ел біздің елге 12 млрд доллар құйды. Қазақстан да өзара инвестиция жасады», – дейді мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінгі күнде Қазақстанда 500-ге жуық компания британдық капиталдың қолдауымен жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар Қазақстанның іскери ортасы 5 млрд долларға келісімшарт жасасты. Президент бизнесмендермен кездесіп, британдық бизнес өкілдері біздің елдің мақсатты емес секторын дамытатын болды: аграрлық, көлік құрастыру, медицина, фармацевтика тағысын тағылар. Бұдан бөлек Назарбаев «Эйр Астана» ұлттық тасымалдаушысы арқылы Лондонға күн сайынғы рейстер ашуға мүмкіндік беретін келісімшарт жасалғанын журналистер назарына салды. «Біз «Эйр Астана» күн сайын Лондонға бес рейс жасайды деп келістік. Бұл бизнес үшін өте маңызды», – дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан өзге Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның «Экспо-2017» көрмесіне қатысатыны туралы келісімшарт жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев Дэвид Кэмеронмен кездесу барысында Ұлыбританияның премьер-министрін соңғы парламент сайлауларындағы жеңісімен құттықтап, оған «Достық» орденін табыстады. Келісімшарттар мен меморандумға қол жеткізу Қазақстанның Еуропаға емес, Ресейге жақын бола түскенін білдіре ме деген журналистің сұрағына президент келесі жауап қайтарды: «Біздің достар – Ресей – Лондонда олардың мақсаттарын шешіп жатырмыз деп ойламасын». Алайда ол Украина мәселесі мен санкциялар келіссөздер барысында талқыға алынғанын жоққа шығармады. «Мен оларды санкция қазіргі уақытта істелінуі қажет дүние еместігіне сендіруге тырыстым. Экономика мен саясат бөлек жүруі тиіс. Санкциялар ешкімге көмектеспейді. Ресейге де, Еуропаға да, бізге де», – дейді президент. Ал Shell-дің атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесу барысында энергетика мен мұнай-химия саласындағы ынтымақтастықтың жалғасу мәселесі талқыланды. «Рио Тинто» компаниясының бас директоры Сэм Уолшпен геологиялық барлаудағы ортақ жобалар сөз етіліп, президент Қазақстанның қорға бай ел екенін және компаниядан үлкен ашулар күтетінін алға тартты. Уолш, өз кезегінде «Рио Тинто» Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отырғанын жасырмады. «Хикма Фармасьютикалс» директорлар кеңесінің өкілі Саид Дарвазамен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы компанияның жұмысына еліміздің үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты. Фармацевтика саласындағы ынтымақтастық сөз етіліп, Дарваза бұл саланың дамуына Қазақстанда үлкен мүмкіндіктер барын жоққа шығармады. Сонымен қатар Қазақстан мен Ұлыбритания арасында 13 млрд долларды құрайтын 46 келісімшартқа қол қойылды. Олардың ішінде: МПК барысында 9 млрд доллар (26 келісімшарт); ҚҚДЕБ барысында 1,250 млрд доллар (6 келісімшарт); Самұрық-Қазына-United Kingdom Trade and Investment қазақ-британ іскери кеңесі барысында шамамен 3 млрд доллар (14 келісімшарт). 4 қараша, сәрсенбі күні Қазақстан президенті Ұлыбритания ханшайымы II Елизаветамен кездеседі. Бұл маңызды шара барысында Букингем сарайында алғаш рет Қазақстан әнұраны шырқалады. Ал қарауыл басшысы қазақ тілінде баянат (белгілі бір нысандағы ауызша немесе жазбаша ресми мәлімдеме) береді.Дереккөз: NUR.KZ