Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деу халықтық атау болуы керек
2015 ж. 14 қыркүйек
2158
3
14 қыркүйек
Назарбаев “Ұлы Дала елі” ұғымын қайдан шығарғанын түсіндірді.
“Қазақстан” телеарнасына сұхбат берген Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. «Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», – деп атап өтті мемлекет басшысы. Осы орайда президент мұндай ұғымның көптеген елдерде бар екендігін атап өтіп, жапондар күншығыс еліміз, қытайлықтар аспан асты еліміз, кәрістер таңғы шық еліміз деп санайтындығын мысалға келтірді. «Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы Дала еліміз» деп айтқан келеді. «Ұлы Дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала – біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып, оны шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқырған күн бейнеленген», – деді Назарбаев. Президент Қазақстан атауы бүгінгі күні барша әлем халқына танылған атау болып отырғандығын баса атап өтті. «Бірақ біз халықтың ішінде ұлы даланың ұрпағымыз десек, келіп тұрған сияқты. Ол халықтық атау болуы керек», – деді елбасы.Дереккөз: ИА "Казинформ"