Ғылымға бөлінген 51 миллиард теңге ғылымға жұмсалмай қайда жұмсалды?!.
2015 ж. 04 қыркүйек
2761
9
Қазақстандағы ғылыми жобаларға қазынадан қаржы бөлінбеуі мүмкін. Зерттеу орталықтарын тексерген Есеп комитеті қаржының жетіспеушілігін анықтаған, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы мен Инвестициялық даму министрлігі ғылыми-техникалық зерттеуге бөлінген 51 миллиард теңгені ұшты-күйлі жоқ қылған.
Ал жоспарланған жобалар жүзеге аспай, сол күйі аяқсыз қалыпты. Сондықтан комиссия мүшелері ғылым саласына берілетін қыруар қаржыны тоқтатып, орнына балабақша, жатақхана салайық деген ұсыныс жасады.
Есеп комитеті тексерген ғылыми орталықтың 90 пайызынан заңбұзушылық анықталыпты. «Мұндай рекордтық көрсеткішті ешбір мемлекеттік органнан көрген жоқпыз» дейді комиссия мүшелері.
Яғни жаңа жобаларға қаржы бөлінсе де, бірде бірінің нәтижесі өндіріске жетпеген.
Үш министрлік бойынша бюджеттік заңбұзушылықтың барлық соммасы 51 миллиард теңге“Үш министрлік бойынша, яғни Білім министрлігі, Инвестициялық министрлік, Ауыл шаруашылық министрлігі. Осы үш министрлік бойынша бюджеттік заңбұзушылықтың барлық соммасы 51 миллиард теңге”, – дейді Есеп комитетінің мүшесі Совхозбек Құлмағамбетов.
Қара тізімді Білім министрлігі бастап тұр. Ғылыми зерттеулерге бірден бір жауапты ведомствоға ұшты-күйлі жоғалған қаржының 37 миллиарды тиесілі екен.
Министрлікке қарасты ғылыми орталықтарда 86 жоба өндіріске түспек түгілі мүлдем тоқтап қалған. Оны шенеуніктердің өздері де мойныдап отыр.
10 миллиард 200 миллион теңгені бюджетке кім қайтарады?“Мы признаем, поэтому вот те изменения, которые мы вносим в законодательство для того, чтобы не было такого. 10 миллиард 200 миллион теңгені бюджетке кім қайтарады?”, – дейді Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев.
Білім министрлігіндегі былық мұнымен шектелмейді. Ғылыми кеңес мүшелерінің қылығы мүлдем күлкілі. Мұндағылар мемлекеттен грант бөлінетін 41 ғылыми жобаны өзара бөліп алып, май шелпекке айналдырған.
“Қаржыландырудың талабы бойынша мекеме басшысы көп дегенде екі жобаға жетекшілік ете алады. Ал сіздердегі Меруерт Қуатқызы ғылыми кеңеске мүшесі бола тұра үш жобаны иеленіп алған. Сонда өздеріңіз мақұлдайсыздар, өз-өздеріңізге есеп бересіздер ме?”, – дейді Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин.
Ауыл шаруашылығы мен Инвестициялық даму министрлігінде де дәл осылай жоспарланған ондаған ғылыми жоба аяқсыз қалған.
“Президент говорил ақша жетпей жатыр, кризис. Вы бюджетными средствами распределяетесь как, я не знаю… даже своими собственными деньгами так не распределяетесь…”, – дейді Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин.
Сондықтан, Есеп комитетіндегілер жыл сайын қазынаның миллиардтарын еш пайдасы жоқ ғылыми жобаларға құйғанша, жұртқа жатақхана, баспана, балабақша салуға жұмсауды ұсынды.
Ал қазына қаржысын негізсіз жұмсағандардың аты-жөнін ресми сайттарына жариялап, жұртқа масқара қыламыз деп отыр. Әрине, қара тізім Ақорда мен құзырлы органдарға да жіберіледі.