Қажыгелдин: Келімбетов өзінің не істеп жүргенін де түсінбейтін адам
2015 ж. 30 тамыз
4644
32
Қазақстанда орын алған теңгенің опырылған девалвациясы, түбінде қате идеологиялық сілтемелер болған тізбектелген экономикалық қателіктер мен тиімсіз шешімдердің заңды жалғасы болды. Бұл туралы экс-премьер-министр Әкежан Қажыгелдин ҚазТАГ агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.
«Нарықтық экономикадағы демократияларда үкімет пен Орталық банктің жұмысқа қабілеттілігінің ең басты индикаторы халықтың өмір сүру деңгейі болып табылады. Демократиялық емес режим мен квази-нарықтық экономикадағы елдердің көшбасшылары халық шаруашылығын өздерінің қандай да тиімділік туралы түсінігінің кепілі етеді», – деді Әкежан Қажыгелдин жұма күні ҚазТАГ-қа берген түсініктемесінде.Қазақстанда біраз уақыттан бері ең басты көрсеткіш ретінде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мөлшері мен ұлттық валютаның айырбас бағамын есептеуге көшті. Жаһандық шикізат нарығындағы баға көтерілуінің нәтижесінде болатын ЖІӨ өсімі азаматтарға жақсы ойластырылған экономикалық стратегия нәтижесі ретінде көрсетілді», – деді ҚР экс-премьер-министрі.Оның пікірінше, ұлттық валютаның өзгермейтін бағамы экономикалық тұрақтылықты дәлелдейтіндей болды, бірақ ол бағам қандай шығынмен ұстап отырылғаны мұқият жасырылды.«Президент Назарбаевты үкімет алаңдайтын ешнәрсе жоқ деп сендіріп бақты. Ол оны халыққа қайталады. Бірақ мамандар үкімет пен Ұлттық банк қателігі үшін есеп беретін күн туады деп ескерткен. Сол күн туды да», – деді Қажыгелдин. Ол қазіргі жағдайда оқиғаның өрбитін екі жолы ғана бар деп есептейді.«Біріншісі – белсенді мақсатты түрде жүргізілетін реформалар. Президент Назарбаев біледі, не істеу керектігін. Ол билік басында көптен бері келеді және біздің дамуымыздың драмалық бұрылыстарын есінде сақтауы керек. Ол, ең ақылдысы, дағдарысты 2000-ші жылдар басында кейінге қалдырылған реформаларды жетілдіру және жүргізу үшін бастау позициясы ретінде пайдаланған дұрыс болатынын түсінеді. Шикізаттық экономиканы әртараптандыратын уақыт жетті, оны министрлер де талай рет уәде еткенді», – деді Қажыгелдин.
Экс-премьердің пікірінше, басқа сценарй бойынша «шенеуніктердің басында стратегияның орнына осы жолы да өтіп кетеміз, баға қайтадан көтеріледі деген үміттер былығып жатқан» қазіргі саясатты жалғастыру.«Қазақстан тарихында алғашқы сценарий іске асырылған. Ол ел экономикасын шын мәнісінде дамушы етті. Өткен тәжірибеге табандылықпен бет бұру керек. Өйтпеген жағдайда біздің ел Аргентина сияқты болмақ. Ол мемлекет кезінде әлемдегі экономикалардың белді ондығына кірген, бірақ соңғы 40 жылдан бері ол ел стагнация мен дағдарыстан шыға алмай келеді», – деп түсіндірді Қажыгелдин.Ол ең бірінші және ең кезек күттірмейтін шара ретінде Ұлттық банк жетекшісін алмастыру керек деп есептейді.«Егер Қайрат Келімбетов бұрынғысынша қызметінде қалатын болса, ешкім де оның сөзіне сенбейді – ел ішінде де, шетелде де. Қазақстан тарихында ол не істеп жүргенін түсінбейтін адам ретінде қалады. Одан басқа ол, жариялы және саналы түрде теңге бағамы өзгермейді деп алдады», – деді экс-премьер.«Ұлттық банк жетекшісінің абройы мінсіз болуы керек. Сондықтан мен президент Назарбаевқа Ұлттық банк жетекшілігіне Ораз Жандосовты тағайындауын ұсынған болар едім. Оған өзінің командасын жинап, орта мерзімдік кезеңге сауықтыру саясатын жүргізу құқығын беру керек», – деп ұсынды Қажыгелдин.
Оның пікірінше, Ораз Жандосовты тағайындау (Ұлттық банк төрағалығына – ҚазТАГ) халықаралық қаржылық институттардың сенімін қайтаруға мүмкіндік беріп, отандық және шетелдік инвесторларға сенім береді.«Ол тез болмайтын оқиға: ұлттық валютаны тұрақтандыруға 3-5 жыл керек», – деп есептейді Қажыгелдин.«Қазақстан үкіметі 2008-2009 жыл дағдарысының салдарын жеңдік деп мәлімдегенде тым асығыстық танытты. Ол ондай емес еді. Дағдарыс жалғасты, оның көрінісі 2000-шы жылдар басынан бастап барлық құрылымдық реформалар кейінге қалдырылғалы себепті қиындай түсті. Оның қажетлігі айдан анық, мұнай экспорты мен басқа да шикізаттың экспорттық кірісінің жоғарылығы үкіметке бәрі де орнына түсер деп үміт етуге мүмкіндік берді. Мына үкіметті не істеу керектігін Назарбаев біледі. Мәселе сонда, соған оның табандылығы жете ме?», – деп қорытындылады Қажыгелдин.
Дереккөз: КазТАГ