Айнұр Исина Жамалиевтің үкімін естіген соң сот залынан дереу шығып кеткен (фото)
2015 ж. 08 тамыз
5822
2
7 августа
Бүгін Астанада атышулы «Әліби ісіне» нүкте қойылды. Бүкіл елдің назарын аударған кәсіпкер Қайрат Жамалиев пен Әліби Жұмағұлов арасындағы тартыс Жамалиевтің 13 жылға сотталуымен аяқталды.
Бұл туралы Today.kz –ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. Алдымен сот залында айыпталушылардың қорғаушысы Мұхаметқали Шайхин мен күдікті Вячеслав Прибытковтың әкесі келген. Содан соң, басты айыпталушы Қайрат Жамалиевтің заңды әйелі Алена Жамалиева келді. Бірнеше айға созылған іс Жамалиевтің туыстарын да әбігер еткен сияқты. Сот залына келген айыпталушының туыстарына қарап, олардың ашулы екенін байқауға болады. Сот залына кірер кезде олар журналистермен де сөзге келіп қалған. «Әліби ісіндегі» ең басты кейіпкер саналатын Айнұр Исинаның сот залына келуі баршаның көңілін аударғаны рас. Одан соң, екі қорғаушысын ерткен Әліби Жұмағұлов та келіп жетті. Судья Ербол Рахымбеков жарты сағат бойы оқиғаның тарихын баяндағанда, отырысқа келгендердің бірі өзін жайсыз сезінді. Айнұр Исина болса, дереу ауырған әйелді сыртқа шығарып, залға қайта келген. Қайрат Жамалиевтің 13 жылға сотталғаны туралы үкім оқылған кезде, залдағы әйелдер қауымы дауыс көтеріп, жылай бастады. Үкімді естіген соң, Айнұр Исина дереу сот залынан шығып кетті. Ал Жамалиевтің заңды әйелі Алена болса, көз жасын көрсетпеу үшін күннен қорғайтын көзілдірігін киіп алған. Отырыс аяқталған соң, Жамалиевтің туыстары залдан жылап шықты. Ал күйеуіне қарай ұмтылған Алена Жамалиеваны тәртіп сақшылары жіберген жоқ. Амалы қалмаған Алена жарына сүйетініндігін білдіріп жатты.Источник: Nur.kz