Назарбаев Мырзахметовтің не себепті жаңа қызметке тағайындалғанын түсіндірді
2015 ж. 08 тамыз
4103
3
Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысына қатысты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Отырыс барысында президент үлкен жұмыс атқарғаны үшін Бауыржан Байбекке алғыс айтты және партия төрағасының жаңа бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті таныстырды. Нұрсұлтан Назарбаев біртіндеп орталықсыздандыру және өкілеттіктерді жергілікті жерлерге беру жағдайында партияның өңірлерді басқару тәжірибесі бар кадрларға мұқтаждығы арта түсетінін айтты. Сонымен қатар президент қазіргі уақытта Бес институционалдық реформаны белсенді жүзеге асыру кезеңі басталғанын және бұл жұмыста “Нұр Отан” партиясы маңызды рөлге ие екенін, соған байланысты оның қызметін барлық негізгі бағыттарда күшейту қажеттігін атап көрсетті. 52 жастағы Асқар Мырзахметов 2009 жылдың наурызынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қызметін атқарып келді.Дереккөз: ИА "Казинформ"