Сақалды жастарға қарсы рейд басталды
2015 ж. 05 тамыз
13149
10
Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, Өзбекстанның Хорезм облысы Хазарасп ауданындағы милиция қызметкерлері сақал қойған әрі бес уақыт намаз оқитын жас жігіттерді құқық қорғау органдарына шақырып, экстремистік топтарға қосылмау жөнінде ескерту жасап, сақалдарын қырып тастауға үгіттеп жатыр.
Хазарасп ауданындағы Азаттық дереккөзінің айтуынша, «діни экстремистік ағымдармен байланысы бар» деген күдікпен осы ауданның екі тұрғыны тұтқындалғаннан кейін, мұсылман жігіттерді қудалау тіпті күшейе түскен. Азаттыққа сұхбат берген Хазарасп ауданы тұрғыны:
“Экстремизм күдігімен тұтқындалғандардың бірі – Хазарасп ауданы әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан төрт қабатты үйде, екінші жігіт Пичокчи ауылындағы «Жувондир» махалласында (өзбектер кварталы) тұрады. Милиция екеуінің үйіне тінту жүргізді. Бірақ жұрттың айтуынша, олар қарапайым мұсылман жігіттер болған”, – дейді.
Олардың қамалғанын Хазарасп ауданы құқық қорғау органдары өкілдері де растады.
Тінту кезде ауданның екі тұрғынының үйінен діни кітаптар мен экстремистік сипаттағы дискілер табылған. Қазір тергеу амалдары басталды“Тергеу құпиясын ашпау үшін әзірше олардың аты-жөнін атай алмаймын. Оларды терроризммен күрес бөлімі қызметкерлері тұтқындаған. Тінту кезде ауданның екі тұрғынының үйінен діни кітаптар мен экстремистік сипаттағы дискілер табылған. Қазір тергеу амалдары басталды”, – дейді құқық қорғау органының өкілі. Ол бұдан бөлек, «Хазарасп ауданы құқық қорғау органдары сақал қойған мұсылман жігіттермен арнайы сұхбат өткізіп жатыр» деген ақпаратты да растады. Хазарасп ауданы құқық қорғау органы өкілі: “Жас жігіттерге экстремистік ұйымдарға кірмеу жөнінде ескерту жасалып, олардан қолхат алып жатыр. Сақалдарын қырып тастау туралы ақыл-кеңестер айтылды. Мұның бәрі өзбек жігіттерін ИМ («Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы) ықпалынан қорғау үшін жасалып жатыр”, – деді.
Хазарасп ауданындағы қарт тұрғындардың бірінің (аты-жөнін атамауды сұрады) тілшілерге айтуынша, «құзырлы органдардың мұндай іс-шаралары тамыздың 31-і тойланатын Өзбекстан тәуелсіздігі күні алдында қауіпсіздікті күшейтуге арналған». Хазарасп ауданында тұратын зейнеткер:Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай «қырағылық» шаралары жыл сайын күшейтіледі “Махалла белсенділері мен ауыл ақсақалдары ауданды аралап, үлкен кісілерді «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы үгітшілерінен сақ болуға үндеп, жастарға ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеуге шақырды. Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай «қырағылық» шаралары жыл сайын күшейтіледі. Қазір милиция ауданнан тіпті люлилерді (сығандардың шығыс тармақтарының бірі) де қуып жатыр”, – дейді. Өзбекстанда азаматтарды түрлі діни ағымдарға қатысы бар деген күдікпен жиі тұтқындап, ұзақ жылдарға соттайтыны жайлы Азаттық бұдан ертеректе де хабарлаған. Мысалы, биыл сәуір айында Самарқан облысы Қаттақорған ауданы Пайшанба қаласында осындай оқиға болды. Бетперде киген бір топ адам бірнеше үйге басып кіріп, «қызметіне тыйым салынған діни ағымдармен байланысы бар» деген күдікпен он шақты адамды тұтқындаған. АҚШ-тың халықаралық діни еркіндік жөніндегі комиссиясы (USCIRF) әлемдегі діни сенім еркіндігі туралы соңғы есебінде Өзбекстанды адамдардың діни еркіндігі жиі бұзылатын елдер қатарында атаған.
Заметили ошибку на сайте? Нажмите Ctrl+Enter
Дереккөз: Азаттық