Әлия Назарбаеваның күйеуі, бизнесі және президент әкесі туралы сұхбаты
2015 ж. 26 шілде
12609
6
L’Officiel сән журналының алғашқы санының мұқабасына шығып, сұхбат берген елбасының кіші қызы Әлия Назарбаева балалық шағы, әпкелерімен қарым-қатынасы және президент әкесі туралы айтып берді деп жазды nur.kz ztb.kz-ке сілтеме жасап.
Балалық шағы туралы Бала кезімде мен қыздардың ұл баладан еш кем түспейтінін дәлелдегім келетін. «Панфиловский» кеңшарына келген кезіміз есімде. Әкем мені атқа мінгізгенде қорыққанымнан жылқының жалынан ұстап алған едім. Әкем болса «Жалынан неге ұстап алғансың? Тізгінінен ұста! Сен менің қызымсың ба, жоқ па?! Қорықпауың керек» деген болатын. Тура сол әдіспен әкем мені 5 жасымда жүзуге де үйретті. «Жалда!» деп суда жібере салғанда, амалсыздан жүзіп кеттім. Қолымнан келмегені аңшылық болды. Ең қорқынышытысы — қабандарға түнгі аңшылыққа шығуымыз еді. Әкем әзілге басқанды ұнататын. Ол байқатпай қамыстарды аяқтарымен шықырлатып, маған «абай бол, қабандар кез-келген жерден шыға келеді» деумен болды. Мен дірілдеп, құмарлық пен қорқынышты қатар сезінумен болдым. Кейін біз қабандар жайылған жерге жеттік. Оқтың дыбысын ести сала мен отыра кетіп, көзімді тас жұмып алдым. Басымды қолыммен бүркеп, бәрі тынышталғанда ғана орнымнан тұрдым. Маған бұл ауыр тиді. Барлығы сондай әділетсіз болып көрінді! Ата-анасы туралы Әкем мені қатты еркелететін. Сол себепті мен өзімді әкемнің қызымын деп санайтынмын. Әпкелерім әкемнің әкелік сезімдері мен туғанда ғана оянды дейді. Бірақ маған олай көрінбейді. Ол кезде мен жай кішкентай болатынмын. Ол сол үшін менімен көп уақытын өткізетін. Мен әкем секілді ашық, мейірімді жанмын. Оның қатыгез болып кетпегеніне разымын. Ел басқаратын адам үшін бұл өте маңызды. Анамнан маған үйлесімдікті іздеуге құштарлық қасиеті берілді. Мен жаңа әлемді танып-білуге қашанда үлкен қызығушылық танытамын. Анам – интуициясы керемет дамыған, нәзік жанды адам. Негізінен әкем мен анам бір-бірінің айнымаған кескіні десем де болады. Олар жарты ғасыр бірге өмір сүргендіктен, бір бүтінге айналды. Өзгенің қиындықтарына бей-жай қарамау – екеуіне де тән қасиет. Бұл қасиет маған да, әпкелеріме де берілді. Әпкелері туралы Мен туғанда олар ақыл тоқтатқан үлкен қыздар болатын. Сондықтан қызғаныш деген атымен болмады. Дариға ол кезде мәскеулік университетке түсіп, тек демалыстарда келіп отыратын. Барлық уақытымды Динарамен бірге өткізетінмін. Мен оны қатты жақсы көрдім. Ол мектепке кеткен сайын терезеге жалтақтаумен болатынмын. Мен барлық уақытымды әпкеммен бірге өткізгім келетін. Алайда ол есейгенде, менің қасынан шыққым келмейтіні оның мазасын қашыратын. Әпкем әрине өз қатарластарымен уақыт өткізгенді қалайтын. Мен анамнан Динараның мені өзімен алып жүруін сұрап қоймайтынмын. Ата-анам Динараға сол үшін қысым көрсететін. Әпкемнің оған ызасы келетін. Бір сөзбен айтқанда әпкелі-сіңлілер арасында болатын қалыпты түсініспеушіліктер. Кейін Дариға екеуі мені тәрбиелеуге кіріскенде менің ызам келетін. Қазір өкінішке қарай біздер әр қалада тұрып, бір-бірімізді сирек көреміз. Бірақ мен шалғайдан да әпкелерімнің қамқорлығын сезінемін. Олар кез-келген жағдайда қасымнан табылып, қол ұшын беруге әзір екеніне сенімдімін. Президент әкесі туралы Әкеміз алғаш рет президент болып сайланғанда мен 11 жаста едім. Мен ол кезде бұның қаншалықты маңызды екенін түсіне қоймаған болатынмын. Тек үлкен той болып, бізге көп халық жиналғаны есімде қалды. Жаз кезі болатын, әкем жап-жас, сымбатты, ақшыл сұр костюмде еді… Шетелдегі оқуы туралы 12 жасымда әкем мені Германияға оқуға жіберді. Мен өте үйжанды бала болатынмын. Мені аяқ асты өз ортамнан ажыратып, өзге елге жіберуі мен үшін жаза сияқты болып көрінетін. Мектеп бұрынғы шіркеудің орнында болатын. Күн сайын телефоннан жылап, мені алып кетуін сұрайтынмын. Жарты жылдан кейін ақыры еліме қайттым. Бұл дербес өмірге алғашқы қадамым болатын. Неміс тілін тамаша меңгеріп алдым. Германиядан кейін Швейцарияға жол тарттым. Бірге оқыған жерлестерім шетелде жүргенге қуанса, мені туған жеріме тартып тұратын. Соған қарамастан, швейцариялық мектепте 2 жыл оқып, ағылшын тілін үйреніп алдым. Бизнес жайлы Менің бизнестегі алғашқы тәжірибем су шығаратын Vita зауытын іске қосу кезінде болды. Мен ол кезде өндіріс директоры едім. Этикеткасынан бастап, өнімді сатылымға шығаруға дейін басы-қасында жүрдім. Мен өзімді маман ретінде көрсете алатын саланы ұзақ іздедім. «Европа+» радиосында директордың көмекшісі болдым. Банктердің біріндегі заң департаментінде іс-тәжірибеден өттім. Астанада әкемнің хатшысы болдым. Ақыры бизнеске бет бұрдым! Басты себеп – ата-анамнан тәуелсіз өмір сүргім келді. Алғаш бизнес жайлы 19 жасымда ойландым… Бірнеше жылдан соң дамушы компаниямен бірлесіп, Luxor-ды сала бастадық. Телекоммуникациямен де шұғылдандым. Қазақстанда сандық байланысты орнаттым. Мұнымен қоса интернет-қосымшаларды техникалық қамтамасыз етумен айналысатын Nursat деген компаниям болды. Күйеуі туралы Алғаш кездескенімізде мен оған мүлдем ұнамаймын деп ойлатынмын. Ол мені ерке ханшайым көріп, маған тесіле қарауы ызамды келтіретін. Сымбаты маған ұнағанымен, ол туралы жақсы ойда болмадым. Екінші рет кездескенде екеуіміз жақсы сөйлесіп кеттік. Маған оның өзін еркін ұстағаны ұнады. Тәрбиесі де жақсы. Димаш — өте білімді азамат. Америка мен Италияда білім алған. Бірнеше шет тілін меңгерген. Маған оның өз мансабын ең төменнен, «ҚазМұнайГазда» жұмыс істеуден бастап, біртіндеп көтерілгені ұнады. Департамент директорына дейін ешкімнің қолдауынсыз көтерілді. Өзімді онымен жайлы сезінемін. Мен оның дәстүрді сақтап, үлкендер мен әйелдерге құрметпен қарайтынын қатты бағалаймын. Ол балаларға да үлкен жылылықпен қарайды! Күйеуінің ұсыныс жасауы жайлы Бұл өте әдемі болды! 8 мамырда ол мені мейрамханаға шақырды. Мен оның ойында не бар екенін сезіп жүрген едім. Кешкі астан кейін ол мені едені раушан жапырақтарымен көмкерілген жеке залға апарды. Романтикалық музыка ойнап тұрды. Терезеден түнгі Алматының керемет көрінісі де баурап әкетті. Мен түк түсінбеген адамның кейпін таныттым. Ол болса саусағыма сақина тағып, оған тұрмысқа шығуымды сұрады. Мен оған тағы бір сағаттай жауап қайтармай қинап койдым. Ақыры шыдамай келісімімді бердім. Күйеуінің әкесімен алғаш танысуы туралы Екеуі гольфтен президенттік кубок кезінде танысты. Димаш бұрыннан гольфпен әуестенетін. Өзі сонда бармақшы еді. Іс-шара алдындағы кеште оған біреу хабарласып, «осындай жерге кел… Президентпен кездесесің» деген екен. Ол қатты алаңдады. Алайда кездесу сәтті өтіп, үйіне бақытты оралды.Источник: Nur.kz
Тақырып тарауы: "ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫНДАҒЫ №1 ҚҰДАЛЫҚ" http://www.qazaquni.kz/?p=32201