АСТАНАДАҒЫ АЛАШ АТАУЛАРЫ
2015 ж. 25 шілде
8393
5
ШАРДАРА КӨШЕСІ
Қазір Астана көшелерін аралай қалсаңыз, Алашқа ардақты атаулардың шеруіне тап боласыз.
Ол үшін, сол кездегі Иманғали Тасмағамбетов басқарған Астана қалалық әкімдігіне, атап айтқанда сол кездегі Астана қаласы Тіл басқармасы басшысы, қазіргі Мәжіліс депутаты, қазақтың ұлтшыл қызы Оразгүл Асанғазықызына (суретте) рахмет айту керек. Сол кезде Оразгүл апай көптеген қаламгерлерге, соның ішінде маған да телефон соғып, қала көшелері аттарын жаңарту үшін тарихи жер аттарын сұрады. Сонда мен, Түркістан, Сауран, Сарайшық, Сығанақ, Созақ, Қазығұрт, Отырар, Ордабасы, Ақмешіт, Оқжетпес, Сырымбет, Алтай, Шардара, Жаркент және т.б. атауларды ұсынған болатынмын. Кейін Астанаға ауысқан соңғы біржарым жылда сол атаулардың көбісін елорда көшелерінен көріп, қатты разы болған едім. Соның бірі, міне, Maira Amanbek парақшасына салып, жазып отырған Шардара көшесі! Майраға рахмет, осы көшені таппай жүр едім...
Сонымен, бүгіннен бастап, "Астанадағы Алаш атаулары" айдарын бастаймыз. Алғашқы мақала - Шардара көшесі.
Шардара – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала (1968 жылдан), Шардара ауданының орталығы. Облыс ортасы – Шымкент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 км жерде, Сырдария өзеннің оң жағын ала,Шардара бөгенінің жағасында орналасқан. Қаланың аумағы 21,24 мың км2. Тұрғыны 25,5 мың адам (2003). «Шардара» – көне парсы тілінен аударғанда «Төрт қақпа» дегенді білдіреді. Шардара қаласының аумағында 8 ғасырда егіншілігі, қолөнері, мәдениеті дамыған отырықшы тұрғыны бар үш қала-қамал болған: Бірінші Ақтөбе, Екінші Ақтөбе, Жаушықұмтөбе. 1959 – 68 ж. Сырдария кенті аталып келді. Қала Мелдеби, Қызылжар, Абай, Төменгі тоғай, Өтеғұл мөлтек аудандарынан тұрады. Шардарада «Шардара су электр станциясы» ААҚ, «Шардара мақта» АҚ, «Қазақстан мақтасы» корпорациясының филиалы, «Мырзакент» АҚ, «Шардаранан» АҚ, құрылыс материалдар комбинаты, «Шардара су-жылу жүйелері» ЖШС, «Будан» ЖШС, «Талапты» ӨК, «Шардарабалық», орман шаруашылығы, Шардара мемлекеттік қазыналық балық өсіру кәсіпорны, «Автосервис» орталығы, асфальт зауыты, т. б. кәсіпорындар қала экономикасын көтеруде. Шардарада орталығы емхана, туберкулезге қарсы диспансер, санитарлық-эпидемиологиялық стансасысы жұмыс істейді. Білім беру, мәдениет саласы бойынша кәсіптік-техникалық мектеп, жалпы білім беретін, музыкалық, спорт мектептері, мәдениет үйі, орталығы кітапхана, «Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар» мемориалдық ескерткіші бар
Шардара даласы — Сырдария өзеннің сол жағасын бойлай Шардара бөгенінен Көксарай аулына дейін солтүстікке қарай бойлық бағытта 175 км-ге созылып жатқан өңір, ені 50 км-ге дейін. Шардара,Отырар аудандары, Арыс қалалық әкімдігі аумағы жерінде. Жер беті тегіс, биіктігі 200 м-дей; құмды, сазды аллювийлік шөгінділерден түзілген. Жер асты суы ащылау, 15 м тереңдікте кездеседі. Климаты тым континенттік. Қаңтарда орташа жылдық температура –4 C, шілдеде 29 C. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм. Топырағы солтүстігінде қоңыр, оңтүстігінде сұр, сортаңды. Эфемерлер, жусан, жыңғыл,жүзгін, баялыш, күйреуік, т.б. өседі. Суармалы жерлері мақта, күріш егуге өте қолайлы.
Шардара ауданы– Оңтүстік Қазақстан облыстың оңтүстік-батыс бөлігіндегі аумақтық-әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 13 мың км2 (облыстың 11,1%-ын құрайды). Тұрғын саны 70,0 мың адам (2003). Орталығы – Шардара қаласы. Аудан 1969 ж. қазан айында Қызылқұм ауданының негізінде құрылды. Аумағындағы 27 елді мекен 1 қалалық және 10 ауылдық округке біріктірілген. Аудан жері негізіненСырдария өзеннің сол жағалауын, Қызылқұм құмының оңтүстік-шығысын ала, аллювийлік жазықта (Шардара даласы) орналасқан. Қызылқұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп, суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958 ж. «Шардара құрылыс» басқармасы құрылды. Кеңестер Одағының әр түкпірінен келген мыңдаған комсомол жастар, жоғары білімді мамандар, осы өлкенің жас кадр мамандары бірлесіп жұмыс істеді. 1967 ж. 15 қазанда Мемлекеттік комиссия сыйымдылығы 5 млрд. 700 млн. м3 Шардара бөгені мен су электр стансасының құрылысының аяқталғаны жөнінде актіге қол қойды. Сол жылы Сырдария өзенін бойлай ұзын 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды. Климаты айқын континенттік. Қысы біршама жұмсақ, қаңтардың жылдық орташа темп-расы –4 – 6ӘС. Жаз айлары ыстық, аңызақты, шілденің ортасы температурасы 28 – 29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 200 мм. Аудан аумағында құрылыс материалдары барланған. Жерінің басым бөлігі құмды (Қызылқұм), сұр, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды-сазды топырақты. Мұнда жусан, селеу, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, баялыш, Сырдария бойында қамыс, құрақ, тал, жиде өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, қарақұйрық, бауырымен жорғалаушылар, өзен бойында қаз, үйрек, қырғауыл мекендейді. Шардара ауданының тұрғындарының негізгі бөлігіқазақтар – 93,9%-ын, орыстар 4%-ын құрайды, қалғаны өзбек, Әзірбайжан, украин, т.б. ұлт өкілдері. Тұрғындарының 60,7% ауылдық елді мекендерде тұрады. Орналасу тығыздығы 1 км2 ге 5,4 адамнан келеді. Аудандағы ірі елді мекендер: Шардара қаласы (25,5 мың адам), Көксу (6,1), Шардара (4,8), Қоссейіт (4,5), Ұзыната (4,3), Қазақстан (4,3), Целинное (3,5) ауылдары. Ауылдарда негізінен күріш, қаракөл қойы, оған қосымша мақта, сүтті, етті мал, жылқы, түйе, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 күріш өсіру тәжірибелік шаруашылығы болған (1988 ж. «Қазақстан», «Целинный» біріктіріліп, қазір бұл мекен Алатау батыр ауылды аталады , «Жиделі», «Аққала», «Байырқұм» кеңшарлары Арыс ауданына берілді). Олардың негізінде ауданда ӨК, ЖШС, 4186 шаруа қожалықтары құрылған. Елді мекендер Қызылқұм каналы менСырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан. Шардара ауданы. бойынша ауыл шаруашылықғының жалпы өнім көлемінің 67,7% мақта шаруашылығына тиесілі. Аудандағы егістік жерлердің 58,8% немесе 30,2 мың гектары мақта егістігі, қой басының 23,9%-ын қаракөл қойы құрайды. Аудан шаруашылығының негізін «Талапты» ӨК, «Қызылқұмда ауылым» ӨК, «НИМЕКС» корпорациясының з-ты, «Мырзакент», «Достық» мақта пункттері, «Мырзакент» АҚ, «Игілік» ЖШС т.б. құрайды. Денсаулық сақтау саласында 43 мекеме жұмыс істейді. Олар ауданы аурухана, 3 ауылдық аурухана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 9 фельдш.-акушерлік пункт, ауданы туберкулезге қарсы диспансер, сан-эпидемиологиялық стансасы, стоматологияық емхана қызмет көрсетеді. Білім беру, мәдениет салаларында 30 жалпы білім беретін мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 35 кітапхана, 10 мәдениет үйі, клубтар, халық театры, 1 кинотеатр, «Шардара толқындары» ансамблі жұмыс істейді. 1969 жылдан ауданы «Өскен өңір» газеті шығады. Аудандағы Ұзыната аулынан 8 км жерде бүтіндей сақталып қалған орта ғасыр ескерткіштерінің бірі – Ұзыната кесенесі орналасқан.
Қазыбек ИСА, qazaquni.kz *Шардара туралы мәліметтер Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынды. kk.wikipedia.org ШАРДАРА Аңызақ пен аңызды атырабы, Терең ойға теңіздей батырады. Шардараның толқыны шабыт беріп, Шағалалар алысқа шақырады. Ән мен дәнді жерден мін таппағасын , Мақтанасың, болған соң мақта басым, Алтыннан да асырса ат бағасын… Шабандоз боп кетуге шақ қаласың… Көк аспанның астында шағыл кешсең, Көк теңізге айнадай тап боласың… Су қуатын аймаққа тартып әйгі, Бағаналар сап түзеп, сән құрайды. Көне кенттен көктеген көркем қала – Шардараның шамдары жарқырайды… Табанымның ізі бар әр тасыңда, Табындырып қоясың, тартасың да… Құмстаннан айналдың гүлстанға, Құрыш білек жандардың арқасында. Жаушықұмда жау күткен ыза небір Ұмыт болып, еңбекпен қызады өңір… Қоссейттен аттансаң құран оқып, Ұзын ата тілейді ұзақ өмір… Балық өрсе байлық боп көл түбінен, Қызыл жыңғыл – қырдың бұл көркі білем… Шөл далаға секілді күретамыр, Сырдария сыр айтар толқынымен… Маң даланың мыңғырған маңайы мал, Табысқанның дәл мұнда әр айы бал… Жиде гүлдеп кеткенде жиі келсең, Тораңғылы тұтасқан тоғайы бар… Сана оятар сарғайған сағанасы, Көктеп кетер көк тірер бағанасы. Шыбығынан шыр жиған шырын сорып, Шыбықтасаң кетпейді бал арасы… Қызылқұмда сезініп жер ыстығын, Барады ысып көңілім тегіс бүгін. Шама келмей шабытқа, шалқимын мен, Бас айналар бақыттан кеңістігім! Тек туған жер жазады жүрек емін, Текті ақынның қадірін біледі елім. Төрт бұрышын дүниенің шарлап келіп, Төрт қақпаңа мен сенің тірелемін!.. Қазыбек ИСА