ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙ АЛМАЙТЫН БИЛІК ҚАЗАҚТЫ ҚОРҒАЙ АЛА МА?!.
2015 ж. 01 шілде
11223
6
Сыртқы істер министрлігі қазақтың сөзін қашан сөйлейді?!.
Баспасөзде хабарланғандай, шекараны бұзбаса да, қазақ азаматы Уәлихан Ахметов (төменгі суретте) өзбек шекарашыларының оғынан мерт болды... Балық аулап жүрген қазақты өзбек шекарашылары "аулап", автоматтан оқ боратып, атып тастады... Артында аңырап 7 баласы, қарт анасы қалды... Осы қазақ-өзбек шекарасына жақын жүрген өзбекті қазақ шекарашылары неге атпайды? Неге үнемі қазақты өзбек атады? Неге? Неге? Неге??? 1.Қазақ шекарашыларының мылтығы атылмай ма, жоқ шекарашылар мылтық ата алмай ма?- Біздің азаматтардың өзбек шекарашылары үшін қалаған кезінде ата салатындай мал ғұрлы құны жоқ па?
- Бұл туралы біздің мемлекеттің, қазақша қақпайтын Қазақтың Сыртқы істер министрлігінің қатқыл қарымтасы бола ма, болмай ма?
- Азаматтарымыз жазықсыз өліп жатқанда үн шығармай, үйдің ішіндегі күңкілмен қалу - Сыртқы істер қатынасының қандай "дипломатиялық" түріне жатады?
- "Ұрысы мықты болса, иесі жазықты " дейді қазақ мақалы. Бұл ұрысы жуан болса, малы ұрланған бейшара кедейдің жазықты болатыны ("малы неге ұрының көзіне түседі?") сияқты, "қазақ азаматтары неге шекараға жақындайды" деп, жуандық, дүмді күштілік көрсететіндей біз өзбектен әлсіз, бейшара, қару-қауқарсыз елміз бе?
Қазыбек ИСА,
qazaquni.kz