Ораз ӘЛІМБЕКтей "САЛПАҢҚҰЛАҚ" “кеңесшісі” бар Жармахан ТҰЯҚБАЙға ЕЛ СЕНЕ МЕ ?
2015 ж. 21 маусым
5931
20
Баспасөз бен ел ішінде “салпаңқұлақ” атанған Ораз Әлімбектің Серке.орг сайты саясаттанушы Данияр Әшімбаев арқылы құзіретті органдар басқаратын 8 сайттың ішіне кіретіні анықталды. Бұл туралы ғаламторда youtube.com бастаған порталдарда өріп жүр. Ал Данияр Әшімбаевтың өзі қазақтың ұлттық һәм мемлекеттік мүддесін қорғаушы нағыз патриот ұлтшылдарының басты қарсыласы екені белгілі. Ендеше Ораз Әлімбектің Серке.орг сайты да ұлтқа, Алашқа жұмыс істейтін саяси партиялар мен қоғамдарға, ұлтшыл қайраткерлерге қаракүйе жағуда жанталасып келе жатқаны “заңдылық” болып табылады. Яғни, оның жұмысы - қожайын лақтыратын сүйекті қағып алып, кеміріп отыру. Шынжыры жіберілген жерге дейін үру. Бірақ, Данияр арқылы бұл "Серке.орг сайтына беріліп жатқан миллиондар босқа, құмға сіңген судай нәтижесіз далаға кетіп жатқанын айтуға тиіспіз. Өйткені бұл ел ішінде “кебенек сайт” “козел сайт” деп аталып кеткен сайтты ешкім оқымайды. Оны сол сайттың астында тұрған "Zerо" рейтингінен анық көруге болады. Күніне небары мықтағанда 30-40 адам ғана кіреді. Себебі, журналистерінің (егер оларды журналист деп атауға болса), кәсіби нашарлығы, тақырыпты нанымды аша алмауы, жазып отырғаны өтірік пен жала екені аққа қара жамау жапсырған секілді көзге сүйелдей болып көрініп тұратыны, бұдан оның анық тапсырыспен жазылғаны бірден білініп қалатыны, т.с.с. Кезінде Ораз Әлімбектің арнайы тапсырыспен жазылған мақалаларын журналист Амангелді Жұмашұлының қатырып әшкерелеп берген мақаласы “Жұмадағы жүздесу” газеті мен qazaquni.kz, gu-gu.kz т.б. сайттарда жарияланған болатын. ( “БІЗ САҚТАНАТЫН САЛПАҢҚҰЛАҚ САТҚЫН ОРАЗ ӘЛІМБЕК КІМ? Оның жаңа “заказы” туралы ақиқат…” http://www.qazaquni.kz/?p=7208 )
Ал Ораз Әлімбектің өзі ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбайдың кеңесшісі екенін кез-келген жерде мақтанып айтып жүр. Тіпті, оның сөзіне қарасаң, Жармахан мырза тек осы Ораздың ақыл-кеңесімен ғана жүріп-тұратын сияқты. Сонда “оппозициялық партиямыз” деп кеудесін ұрудан жалықпайтын, бірақ ел білетін елеулі бір ісі жоқ партияның төрағасы Жармахан Тұяқбайдың таңдап алған кеңесшісі үшәріпке жұмыс істесе, оппозицияны ыдырату үшін миллиондарға ие болып отырған сайттардың бірінің басшысы болса, сонда Жармаханның өзінің кім болғаны?!. Әлде, кезінде Рахат Әлиевтың Жармахан мырзаның бір кезде ҰҚК төрағасы болған генерал Нартай Дүтбаевқа есеп беріп отырған аудиосын жариялағандағы оқиға расқа айналғаны ма?
Жармахан мырза сонда Ораз Әлімбекті бұның өзі айтқандай “таңдап алды ” ма, әлде оған құзіретті органдардан ұсынылды ма? Енді мұндай органдарға жұмыс істейтін Ораз Әлімбектей “кеңесшісі” бар Жармахан Тұяқбайға, оның ЖСДП партиясына ел сене ме?
Сапар ӘЛІ, http://www.gu-gu.kz/?p=13630