Перуашев: Мемлекеттің міндеті - байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты қысқарту
2021 ж. 05 мамыр
1825
0
Бүгін "Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мемлекеттік бюджетке өзгеріс енгізу бойынша өткен Парламенттегі пленарлық отырыста мәлімдеме жасап, Үкіметтің бюджетті жоспарлау жұмысына қатысты сын айтты.
Депутаттың мәлімдемесін оқырман қауымға ұсынуды жөн көрдік.
***
Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы, құрметті әріптестер!
Үкімет ұсынған бюджетті нақтылауды қарастыра отырып, бірқатар негізгі ойларды ескеру қажет.
Ең алдымен бұл коронакриздің жалғасуы және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындау қажеттілігі бола тұра, шығынды 1 трлн 287 млрд теңгеге дейін ұлғайту.
Бұл ұсыныс түсінікті және ешқандай қарсылық тудырмайды. Сондықтан «Ақ жол» фракциясы ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қолдайды.
Сонымен қатар, Үкіметтің назарын бірқатар маңызды сәттерге аудару қажет деп санаймыз.
Ұсынылған бюджетте 10,6%-ға мұнайлық емес тапшылықтың деңгейі өте алаңдатарлық екенін атап өту қажет.
Айта кетейін, мысалы, Еуроодақ стандарттары бойынша 3% бюджет тапшылығы шекті және шұғыл шараларды талап етеді деп бағаланады.
Иә, пандемияның әсерінен бюджет тапшылығы 7%-дан, ал кейбір жағдайларда 10%-дан да асып түсті.
Алайда, мемлекеттің пандемиямен күресуге бөлген қомақты қаражатын ескере ескеретін болсақ, бұл біздің Үкімет үшін ақтау болмауы керек.
Бөлінген қаржыны үнемді және ұқыпты пайдаланудың орнына, кейбір мемлекеттік органдар өздерінің біліксіздігі мен тәбетін пандемияға жаба бастады. Сондықтан қосымша бюджетті пайдалану, сыбайлас жемқорлық схемалары мен негізсіз шығындардың жолын кесу қатаң бақылауда болуы керек.
Бюджет шығындарының өсуін жабудың ұсынылатын көздері сұрақтар туғызады. Олардың негізгілері:
- ішкі нарықта және шетелде бюджеттен қарыз алу (3 трлн 587 млрд теңге)
- Ұлттық қордан трансферттерді ұлғайту (850 млрд теңгеге),
- салықтық әкімшілендіруді қатаңдату (278 млрд теңгеге).
***
Ішкі нарықтағы қарыздар бойынша 9-11% пайыздық мөлшерлеме бойынша 1 трлн 880 млрд теңге тарту жоспарланған.
Осылайша, мемлекет негізгі қарызды есептемегенде пайыз бойынша ғана банктерге жылына шамамен 170 млрд теңге төлейтін болады.
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы бірнеше мәрте Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін төмендету талап еткенін еске салуға мәжбүрмін.
Дәл осы мөлшерлеме бойынша мемлекет екінші деңгейдегі банктерден ақша тартады.
Дағдарыс кезінде бүкіл әлемде орталық банктердің мөлшерлемелері минимумға дейін төмендетілді, ал Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде тіпті теріс мөлшерлемелер де қабылданды.
Егер Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені Ресейдегі сияқты 4-5%-ға дейін төмендетсе, онда мемлекет мұндай қарыздарды екі есе аз өтейтін еді.
Осы қаражатты (1 трлн 880 млрд тг) 15 жылға дейінгі мерзімге тарту жоспарланғанын ескерсек, біздің ұсынысымыз бойынша осы мерзім ішінде бюджет пен салық төлеушілердің қаражатын 1,2 трлн-ға дейін үнемдеуге болар еді.
Бұл сан осы құжатта ұсынылған бюджет шығыстарының 1,287 трлн теңгеге дейін арту көлемімен тікелей салыстырылады.
Несиелер бойынша пайыздарды өмір сүру шегінде тұрған бизнес пен халыққа бірдей 4-5%-ға дейін төмендету де маңызды.
Осылайша, базалық мөлшерлемені Ұлттық банк дербес және Үкіметке тәуелсіз белгілейтінін ескерсек де, мемлекеттің осы бағыт бойынша шығыстарды едәуір қысқартуға қажетті резервтері бар деп есептейміз.
***
Сыртқы қарыздарға қатысты ресейлік рубльмен есеп айырысу бойынша бірқатар сұрақтар туындайды.
Әзірлеушілердің рубльдің теңгемен корреляциясына сілтеме жасауын сенімсіз деп санаймыз. Ұлттық валюта - экономикалық тәуелсіздіктің маңызды элементі. Сонымен қатар, Ресей экономикасы халықаралық санкциялардың қысымына ұшыраған сәтте, біз қарыздарымызды шетелдік валютамен байланыстыруды негізсіз деп санаймыз.
Сондай-ақ, халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуға әуестену жеке назарды талап етеді. Жалпы өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізуді мақұлдай отырып, біздің ойымызша, жергілікті мемлекеттік органдар тәбеттерін төмендетіп, асқан шығындардан бас тартып, мектептердің, ауруханалардың, спорт ғимараттарының және т.б. үлгілік жобаларын іске асыруға көшуі қажет.
Әйтпесе, тым қымбат дүниелерге деген құмарлық «оба кезіндегі тойды» еске салады және адамдар әр тиынды үнемдеп жүргенде бұл әрекет ысырапшылдықты білдіреді.
***
Ұлттық қордан берілетін трансферттерге қатысты: қазіргі жағдайда бұл қажетті шара екенін түсінеміз.
Бірақ бұл Үкіметтен аталмыш қаражатқа өте мұқият қарауды талап етеді.
Бұл ақша бізге емес, болашақ ұрпаққа тиесілі.
Осы қаражатты пайдалану кезінде тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі барлық фракциялардың қатысуымен тұрақты жұмыс істейтін парламенттік жұмыс тобын құруды ұсынамыз.
Бұл ұсыныс өткен кезеңде экономика мен халықты қолдау шараларын іске асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы көптеген сигналдарға – түрлі нысандар құрылысының өте жоғары құнынан бастап, мектеп ноутбуктерін тікелей ұрлауға дейінгі жағдайларға қатысты біздің алаңдаушылығымыздан туындады.
Дағдарысқа қарсы шараларды орындау қорытындылары бойынша парламенттік тыңдаулар өткізу қажет деп санаймыз.
***
Ендігі кезек салықтан түсетін түсімдерде.
Заң жобасына тіркелген түсіндірме жазбаға сүйенсек, қазіргі қиын жағдайлардың өзінде де Үкімет ЖІӨ-нің өсуіне қол жеткізді, оның үстіне экономиканың негізгі салаларында – ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда және т.б.
Инфляциядағы түзетулер, орын алған шиеленіс пен аса күрделі жағдайды ескере отырып, Үкіметтің қаржы-экономикалық блогына мұндай нәтижелер үшін лайықты баға беру керек.
Дегенмен, барлық жетекші салаларда өндірістің өсуі аясында бір мезгілде шетелдік тауарлар импортын 700 млн долларға немесе 290 млрд теңгеге ұлғайту жоспарланған себептерді неғұрлым мұқият талдауды талап етеді.
Осындай қарама-қайшылық немен байланысты, тауарлардың нақты қай топтары бойынша және бұл «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қалай сәйкес келеді?
Бұдан басқа, одан әрі даму перспективалары туралы мәселелер ашық күйінде қалып отыр. Бүгінде ЭЫДҰ елдерінің көпшілігінде бизнеске қойылған шектеулер алынып тасталуда, сауда мен қызмет көрсету саласы кезең-кезеңімен қалыпты жұмысқа оралуда, миллиондаған адамдарда мемлекеттен көмек емес, қалыпты жалақы алу мүмкіндігі пайда болады.
Бұған ең алдымен халықты уақтылы жаппай вакцинациялаудың арқасында қол жеткізілді, ал бізде бұл жұмыс сәтсіз аяқталды.
БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстан коронавирусқа қарсы өз вакцинасы бар әлемнің 5 елінің қатарына енді. Бұл үшін біздің ғалымдарға құрмет көрсету керек.
Бірақ бұл жұмыстың жемісін біз толық көлемде пайдалана алмай отырмыз, өйткені өндіріс жолға қойылмаған, зауыт әлі салынып жатыр, вакцина шығаратын жер жоқ.
Сонда сіз затты бір елден, бөтелкелерді екіншісінен алып келуді, ал үшінші елде оны құюды жоспарлап отырсыз.
Тым болмаса сұйылтуға арналған судың өзіміздікі екені қуантады.
Бірақ вакцинаның бар болуының өзі панацея емес.
Біздің әріптесіміз, депутат Павловецтің талаптарда көзделгендей, қос вакцинация қарқынының сәтсіздігі туралы наразылығын қолдаймын.
Айта кетейін, Мемлекет басшысы жыл соңына дейін 6 млн адамға вакцина егу міндетін қойды.
3 ай ішінде вакцинаның бірінші компонентін 1,2 млн адам алды, бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері мақтанышпен хабарлайды.
Бірақ екінші компонентті тек 240 мың адам ғана алды.
Тіпті мұнда Денсаулық сақтау министрлігі өзін екі жақты болды: бәрін 21 күннен кейін екінші вакцинация мерзімдерін қатаң сақтауға шақырды, содан кейін өткен аптада бас дәрігер қолын бір сілкіді де, 90 күн де бола беретінін айтты.
Кешіріңіз, 21 және 90 - бұл әртүрлі сандар. Мұндай айырмашылық үшін кәсіпкерлерге айыппұл салады, ал кейде түрмеге отырғызып тастауы мүмкін.
Ал біздің шенеуніктер болса Берлинді жаулап алғандай өздеріне15 миллион сыйақы жазып жатыр.
Сіз тым болмаса осындай секірулер мен көңіл-күйдің өзгерулерін қандай да бір есептеулермен, ғылыми дәлелдермен негіздеңіз.
Бұл ауытқулар бір жылдан бері орталықта да, жергілікті жерлерде де біздің Денсаулық сақтау министрлігінің көрсетіп келе жатқан толқуларды айқын сипаттайды.
Нәтижесінде денсаулық сақтау ғана емес, бүкіл ел, бүкіл экономика зардап шегеді. Бизнес нысандары жабылуда, адамдар жұмысынан айрылып жатыр, ал кейбір азаматтар бір жылдан қалай күн көріп келе жатқанын өздері білмейді.
Осыған байланысты Үкіметтің алдағы есебі аясында вакцинацияға жауапты адамдардың қылмыстық немқұрайдылығынан экономикаға және халыққа келтірілген залалға бағалау жүргізу, сондай-ақ пандемия салдарынан жұмысынан және табыс көзінен айырылған азаматтарға өтемақы төлеу мәселесін пысықтау орынды болар еді.
Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, пандемия кезеңінде Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға артты. Біздің ойымызша, ең алдымен бұл шағын және орта бизнестің күйреген кәсіпкерлері және жұмысынан айрылған бұрынғы қызметкерлері. «Атамекен» палатасының мәліметінше, пандемия кезінде 430 мың ШОБ нысаны жұмысын тоқтатты немесе толығымен жабылды.
Бұл адамдар бүгінде қиын жағдайда, оларда күнкөріс көзі жоқ. Бұл ойдан шығарылған факт емес, бұл - шындық.
Олар біздің азаматтарымыз және біз мемлекет ретінде оларды қолдауға жауаптымыз.
Кез келген мемлекеттің негізгі міндеті байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік алшақтықты қысқарту болуы тиіс деп көрсетілген.
Ұсынылған бюджетті нақтылауда әзірлеушілер мұндай тапсырманы тіпті жарияламаған да. Ал іс жүзінде халық пен шағын бизнес жұмысынан айрылып, кедей болған кезде әлеуметтік алшақтықтың өсуі байқалады, ал банктер мен әртүрлі салалардағы монополистер негізсіз баюда.
«Ақ жол» фракциясы ұлттық өнімді әділ бөлу бойынша тәсілдерді әзірлеуді талап етеді, сонда ғана жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің 9 655 долларын әркім қағаз жүзінде де ғана емес, өзінің жеке табысынан да көреді.
Әзірше, халықаралық сарапшылардың деректері бойынша, халықтың тек 3,5%-ы ғана осындай табысқа ие.
Мұндай міндетке қол жеткізудің ең тиімді жолы жеке кәсіпкерлікті дамыту болуы мүмкін.
Нақтыланған бюджетте түрлі бағдарламалар бойынша бизнес субъектілерін қолдауға арналған қаржыландыруды 200 млрд теңгеге, тағы 90 млрд – жұмыспен қамту бағдарламасына ұлғайту көзделген.
Біз бұл шараларды қолдаймыз. Бірақ бизнеске деген фискалдық қысыммен, шоттарды қамауға алумен, жұмыс істейтін кәсіпорындарды банкроттыққа жеткізумен қатар, мұндай қолдау залалды қарапайым жолмен өтеу сияқты көрінеді, алайда ол толық көлемде нәтиже бере бермейді және әрқашан тиісті адамға қолданыла бермейді.
Кейде «мұндай қолдаудың қажеті жоқ, тек бизнеске жұмыс істеуге кедерге жасамаңдар» дегің келеді.
Мысалы, біз ТІЖ бойынша пилоттық жобаны көшіру туралы мәлімдеген Қаржы министрлігіне алғысымызды білдіреміз. Бұл дұрыс және өзекті шешім.
Бірақ бүгінде жүздеген және мыңдаған сауда және қызмет көрсету саласының кәсіпкерлері осы талаптардан толық үмітсіздікке ұшырап, ТІЖ-дан бас тартуды өтінеді. Көптеген шағын дүкендер қазірдің өзінде жабылып жатыр, олар үш есе есеп бере алмайды және қаржылық қуғын-сүргіннен қорқады.
Нақтыланған бюджетті іске асыру барысында Үкіметтен осы проблемаларды және әріптестеріміздің басқа да ескертулерін ескеруді талап етеміз.
Назар аударғандарыңыз үшін алғыс білдіремін.