«Наурызды тойлауға рұқсат жоқ»: Жаңа қаулы шықты
2021 ж. 11 наурыз
1395
0
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.
Бас санитар дәрігер 20-24 наурыз аралығында қалааралық, облысаралық автобустар қозғалысын тоқтата тұруды шешті.
Қызметі жаңғыртылмаған нысандарға: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға (Ashyq пилоттьқ жобасына катысатын нысандарды қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, мұз айдындарына баруға тыйым салынды.
Қаулы 13 наурызда күшіне енеді.
Құжаттың толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.