Мәжілісмен Дүйсембинов жаңа экономика министріне ескерту жасады: Қазақ тілінде жауап бермегеніңіз ұят
2021 ж. 03 ақпан
2276
0
"Ақ жол" демократиялық партиясы фракциясынан Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов жалпы отырыста Ұлттық экономика министрі лауазымына жақында тағайындалған Әсет Ерғалиевке ескерту жасады, деп хабарлайды daynews.kz.
"Ұлттық экономика министріне ескерту жасағым келеді. Құрметті Әсет Арманұлы бүгін сіз мәжілісие алғаш рет сөз сөйлеп отырсыз. Сіз қазақ тілінде қойылған сұрақтарға рұқсат сұрамай - ақ орыс тілінде жауап бергеніңізді айтуға рұқсат етіңіз", - деді Берік Дүйсембинов.
Депутат Әсет Ерғалиевті министр етіп тағайындағанына қуанышты екенін атап өтті.
"Сіздің жасыңыз біздің тәуелсіздігіміздің жасымен бірдей. Сіздің ана тілде жауап бермегеніңіз ұят деп санаймын. Мәжілістің келесі отырысында қазақ тілінде жауап беруді сұраймын", - деді мәжілісмен.
Әсет Ерғалиева Ұлттық экономика министрлігін 18 қаңтардан бастап басқарды.