Шұғыл! Мейрамбек Беспаев ауруханаға түсіп қалды
2021 ж. 17 қаңтар
1893
0
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсіп қалды.
Nege.kz порталы дереккөзінің мәліметінше, М.Беспаев Алматыдағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне кеше күндіз түскен. ПЦР тест нәтижесі оның коронавирус жұқтырып алғанын көрсетіпті.
Дереккөздің айтуына қарағанда, қазір әншінің жағдайы бірқалыпты. Қажетті емін алып жатыр.