"Бір топ адам әкімдікті басып алмақ болды" - Назарбаев
2020 ж. 14 желтоқсан
4373
0
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған "Штрихи к портрету" деректі фильмінің екінші бөлімінің тизері пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де деректі фильмнен үзінді жариялады.
"Бұл жерде нағыз тәртіпсіздік болуы мүмкін еді. Бір топ адам әкімдікті басып алуға тырысты. Мәселе елуде елу еді. Сол кезде оларды жою үшін қарулы күштерді тарту қажет болды", - дейді Назарбаев сұқбатында.
Фильмнің жалғасы 15 желтоқсан сағат 21:40-та "Хабар" телеарнасында көрсетіледі.
Деректі фильмнің бірінші бөлімі 1 желтоқсанда шыққан еді. Онда Елбасы қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің ұрлығы және сатқындығы жайлы, отставкаға дейін Қасым-Жомарт Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты.
15 декабря в 21:40 в эфире телеканала «Хабар» выйдет продолжение документального фильма «Штрихи к портрету», посвященного жизни и деятельности Первого Президента РК – Елбасы pic.twitter.com/LTpAqDZ9RL
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) December 14, 2020