Президент Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасын қайта қарауды тапсырды
2020 ж. 17 қараша
2069
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Қазақ үні».
Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.
«Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында
Еске салайық, бұған дейін «Қазақ үні» порталында «Халық туризмге қарсы емес, тек табиғатқа зорлық көрсетуге болмайды» атты мақала жарық көрген болатын.