KASPI BANK ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН БОЛДЫ
2020 ж. 10 қазан
3141
1
"Халық талап етсе хан түйесін сояды" деген рас екен. Тіл комитеті халықтың "Каспи банк қашан қазақша сөйлейді" деген талабын ресми түрде жеткізген едік.
Кеше Каспи банктің баспасөз қызметі хабарласып халықтың талабына жауап берді. Онда:
"Кaspi.kz қолданбасының қазақша нұсқасы дайын. Алайда қазіргі жағдай жоспарларымызға түзетулер енгізді. Пандемияға байланысты Kaspi-дің ресурстары ел тұрғындарына көмектесуге арналған жобаларға бағытталды. Өте қысқа мерзімде тұтынушыларды қолдау бағдарламасын, Kaspi Gold шотын ашу, Kaspi.kz арқылы жәрдемақыға өтініш беру қызметін қосып, egov.kz порталындағы кейбір қызметтерді Kaspi.kz -ке біріктіруді жүзеге асырдық.
Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз және жақын уақытта клиенттеріміз қолданбадағы барлық қызметті мемлекеттік тілде тұтына алады" делінген.
Енді ресми жауапты және уәденің орындалуын күтеміз. Халық шығарып салма уәдемен алдай салатын бала емес екенін беделі биік банк басшылығы жақсы біледі деп сенем.
Тіл комитеті Каспи банк қазақша сөйлегенше бұл мәселені назарда ұстайтын болады.
Ал Сіз және әр қазақ, өзіңіз дәл осы сағаттан бастап банкоматтан ақша алғанда тек қазақшасын теріңіз. Балаларды да соған үйретіңіз. Үлкен іс кішкентай әрекеттерден басталады. Сосын дүйсенбіден бастап бір-бірімізбен орысша қоспай, таза қазақша сөйлесетін апта екенін ұмытпаңыз, өзгелерге де айтыңыз.
Әділбек Қаба,
Тіл комитетінің төрағасы
Қазақ үні