Қырғызстанда қазақстандық компанияларды басып алмақ болды
2020 ж. 09 қазан
1200
0
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кәсіпорындардың жағдайы туралы мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
"Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындардың шабуылдары мен басып алу әрекеттеріне байланысты үлкен алаңдаушылық білдіреміз.
Қазақстан Республикасының азаматтары - қызметкерлеріне күш көрсету қатері және осы кәсіпорындардың мүлкіне залал келтіру фактілері ерекше алаңдаушылық тудырады. Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары көршілес елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қоса отырып, Қырғызстан экономикасына 1 млрд астам АҚШ долларын инвестициялады.
Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз", - делінген хабарламада.