БАЙТҰҚ ЕНДІ МӘЖІЛІС МАНДАТЫН ҚАЙ КАБАКҚА ТАСТАМАҚ?!.
2020 ж. 19 қыркүйек
2024
0
БАС ІСТЕМЕСЕ, ҚОЛ ІСКЕ КІРІСЕДІ...
Парламент сайлауының есік қағып тұрғанын ел де біліп, елеңдеп отыр. Әсіресе, бұл науқанды бәрінен бұрын бастап кеткен «Нұр Отанның» партиясының праймеризіне қатысушылардың әлеуметтік желілердегі белсенділігі күшейіп тұр әзірше... Әркім білгенін істеп жатыр. Әсіресе өзінің "танымал блогер" екенін айтудан жалықпайтын Ғалым Байтұқ ерекшеленуге жан салуда. Мәжіліс депутаты мандатын алуға асыққан Ғалым Байтұқ блогосферадағы бос сөздерден құралған, ой атаулыдан жұрдай лексикасымен қоштасқысы келмейтінін де көрсетуде. Сонымен бірге, ол жаңа қожайынға жағымпаздануда жанталасып бағуда. Яғни бұрынғы ақжолдық блогер «ақжолдықтарды» тікелей бәсекелестер лагерінен шығарып тастамақ болып тыраштануда... Соған қарағанда оның арқасынан қағып қоюшылар аз емес секілді... Оның бұл жанкештілігіне қарап отырып, "Құлды бәрекелді өлтіреді" деген қазақ мақалы еріксіз еске түседі.. Нұротандықтар ішінде Байтұққа шын жаны ашитындар табылып жатса, бұл мақалды оның "өз тіліне" аударып және түсіндіріп берер деп үмітттенемін...ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДЫ ДҰРЫС ОҚИ АЛМАҒАН БЛОГЕР
Енді бұл блогердің 9 қыркүйектегі фейсбук парақшасындағы жалалы жазбасынан үзінді оқиық: «Фракция партии Ак Жол решила после четырехлетней вялотекущей политической мастурбации показать себя во всей красе перед новым электоральной кампанией! Вот например сегодня, гневной тирадой разразилась депутат фракции Ак Жол Дания Еспаева в адрес Министерства образования и науки! Проверить все с 2016 года, особенно по цифровизации и информатизации учебных заведений и подвергнуть публичной экзекуции министра А.Аймагамбетова, требует Еспаева! И вроде все правильно и актуально, но есть несколько моментов, которые отнимают минимум 50% коэффициента искренности этого запроса. Шестой созыв Мажилиса в котором депутатом является Дания Еспаева, как раз таки работает с 20 марта 2016 года, что является тем сроком, за который требует проверить МОН госпожа депутат. Где были то раньше? Что тогда в 2016 или в 2017, ну 2018, или по крайней мере в 2019 не требовали, того, чего озвучили сегодня?» Бұл Мәжіліс депутаты болғысы келетін адамның сөзі! Бұдан Байтұқтың парламенттің, «Ақ жол» фракциясының, жалпы заң шығару жұмысымен мүлдем таныс емес, депутаттық сауалдар беру жүйесінен хабарсыз қарабайыр екенін анық көреміз! Байтұқ Дания Еспаеваның сөзін мұқият оқып шығуға да тырыспаған. Шындығында, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы бірнеше рет Білім және ғылым министрлігі мен үкіметтің назарын білім беру жүйесіндегі цифрландырудың қанағаттанарлықсыз жағдайына, көптеген мектептерде тұрақты интернеттің жоқтығына, цифрлық білім беру жобаларын іске асырудағы сәтсіздіктерге және т.б. мәселелерге назар аударды. Бұл ақжолдық фракциясының ағымдағы жылдың 29 шілдесіндегі Білім және ғылым министріне фракцияның хатында қойған нақты сұрақтары. Халықтың миллиардтаған қаржысының қайда кеткенін іздеген депутатты қолдаудың орнына Байтұқ бұл депутаттық сауалға қарсы шықты. Мұндай сөзін оқыса, оны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы мониторинг тобы "мынаның есі дұрыс па?" деп, мүшеліктен шығарып тастайтыны анық... "Ақ жолдағы" депутаттардың мұндай сауалдары мен баяндамалары өз реті бойынша парламенттегі 8 жылдан бері үнемі жасалып келе жатыр. Байтұқ айтқандай, тек сайлау қарсаңында ғана емес. Мәселен, тек биылғы жылды ғана алсақ, маусым айында «Ақ жол» партиясы Денсаулық сақтау министрлігін коронавирустың нашарлауы үшін сынға алды. Шілде айында депутаттар білім беру жүйесіндегі цифрландыру мәселелері бойынша Білім және ғылым министрінің атына хат жазды, ал 9 қыркүйекте Білім және ғылым министрлігінің үнсіздігінен кейін депутат Дания Еспаева премьер-министрге сауал жолдады. Сонымен қатар, Байтұқ өз оқырмандарын адастырғысы келіп, "Еспаева министр А.Аймағамбетовты көпшіліктің алдында ату жазасына кесуді талап еткендей" өтірік айтты. Еспаева тек «Білім және ғылым министрлігінің депутаттарға сұратылған ақпаратты беруден жалтарған лауазымды тұлғаларын жауапқа тартуды» талап етті. Бұл мемлекеттік органдардың парламенттегі сауалдарға жауабы кешіккен кезде болатын стандартты депутаттық реакция. Айта кету керек, «Ақ жол» партиясы білім беру жүйесіндегі белгілі бір проблемаларды жиі көтеріп келеді. Мысалы, өткен жылы «Ақ жол» партиясы неге "Күнделік.кз" үшін қосымша ақы алынады" деген мәселені қозғады. 2015 жылдың жазында депутат Азат Перуашев Білім және ғылым министрлігін президенттің университеттерді аккредиттеу туралы тапсырмасын орындамады деп айыптады. Содан кейін министр мен депутат арасында өткір қақтығыс болды, бір жылдан кейін министр Аслан Сәрінжіпов отставкаға кетті. «Ақ жол» партиясы министр Сағадиевті де сынға алды. Яғни, "Ақ жол" Білім министрлігін партияға Байтұқ мүше болып жүрген кезден бері сынап келеді. Депутаттардың негізгі жұмысы - парламентте заң жазу, депутаттық сауалдар жасау - бұл әлеуметтік желілерде ойына келгенін жазып отыру емес блогер Байтұқ мырза! Сөз сөйлеу мен депутаттық сауалдар саны бойынша, олардың өзектілігі туралы айтпағанның өзінде , «Ақ жол» фракциясы парламентте көш бастап тұр. Бұл жағдайды кезінде, 2014 жылдың 12 маусымында өткен жиында Мәжіліс депутаты, сол кездегі «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің басшысы Қайырбек Сүлейменов те мойындады: «Мен көптеген облыстарда жұмыс жолға қойылғанын айтуға тиіспін. Бірақ Кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша «Ақ жол» партиясы белсенді жұмыс істеп жатқанын «Нұр Отан» партиясының өкілі ретінде мойындауым керек өкінішке орай. Маған арыз айтып келушілер , «Ақ жол» партиясының кеңсесіне жүгінген кәсіпкерлер онсыз да көбіне бюрократтық сипатқа ие болған біздің «Нұр Отан» партиясынан гөрі көп қолдау табады деп айтады өкінішке орай. Олар әкімге жете алмайды, ал әкім партия филиалының бірінші басшысы. Оған жету және мәселені шешу «Ақ жол» партиясының өкілінен гөрі қиынырақ. «Ақ жолда олар ең болмағанда жанашырлық табады, ал «Нұр Отанға» мүлдем кіре алмайды», деп ағынан жарылған болатын.МӘЖІЛІС МАНДАТЫН ҚЫМБАТТАУ МЕЙРАМХАНАҒА ТАСТАУ КЕРЕК, БАЙТҰҚ МЫРЗА
Байтұқтың басынан өткен жайттар туралы қызықты ақпаратты журналист Стас Киселев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында 2018 жылдың 10 желтоқсанында жариялаған еді: «Бір апта бұрын Қазақстанда айқайы көп, бірақ айтары жоқ бос сөздерімен танымал блогер Байтоқтың сот шешімін орындамай қашып жүргені белгілі болды. Ол несие берушілерге 9 миллион қарызын төлемеген. Бірақ блогер "Б" ақшаға ғана емес, азаматтық жауапкершілікке де жеңіл-желпі атүсті қарайтын болып шықты. Байтұқ өзінің депутаттық мерзіміндегі халық мандатын кепіл ретінде пайдалану жексұрындығына дейін барған. Бұл туралы Петропавл қаласыняң депутаты Павел Афанасьев айтып береді». Афанасьевтің айтуынша, Ғалым Байтоқ бірнеше рет кафеде қалтасына қарамай қаттырақ сілтеп қойып, төлем жасай алмай, мандатын қарыз орнына тастап кеткен. Ал ол мандатты Афанасьевке сатып алуға тура келген. Негізгі міндетін ұмытқан халық мандаты қала кабактарын айналып жүріп, ақырында кеңсені жалға берген мекеме қожайынының қолынан бір-ақ шығады.... Байтоқ оны төлем орнына кепіл ретінде қалдырып, Астанаға тайып тұрған. Ал үй иесіне қарызды тағы да Павел байғұс төлейтінін айтып кетуді ұмытпаған... Павел Афанасьевтің айтуынша , Байтұқ - кабактарда ақша орнына депутаттық мандат беруді ұнататын және мәжбүрлі түрде депутаттық мандатынан айырылған жалғыз адам. Байтұқ Петропавл қаласының мәслихатында депутат болған кезде өзінің сайлаушылары бар екенін ұмытып кетіп, Астанаға көшіп кеткен! Байтоқ Осылай сайлаушыларымен байланысын жоғалтқаны және өз міндетін орындамағаны үшін мандатынан айырылды. Қалалық мәслихаттың депутаты Астанаға мансап қуып кетіп қалды, дегенмен заң бойынша депутат Петропавлда тұруы керек еді... Ол өзін сайлаған елдің ортасында емес, елордада жүргенін ұзақ уақыт жасырып келді. Қалалық мәслихаттың депутаттық мандатынан айырылса да, Байтоқ бұрынғы депутаттығын жақсы пайдаланды. Бірақ кепіілге тастайтын мандаттан айрылғасын Астанада ол бұрыңғы депутаттық төсбелгіні қолданды. Мысалы, қажет болған жағдайда - полицияға... "Ауру қалса да, әдет қалмайды" дегендей, Байтоққа депутаттық мандатты кепіл ретінде кез келген жерге лақтырып тастап кете беру қалыпты әдетке айналды. Енді ол болашақта қолы жете қалса, "Нұр Отаннан" алатын Мәжіліс депутаты мандатын да қайда өткізіп кетуге болатынын ойластыруда! Бұл туралы ол facebook-тағы пікірлерінің бірінде мәлімдеді. Шынында да, парламентте қалалық мәслихатпен салыстырғанда мүмкіндіктер өте үлкен. Енді Мәжіліс депутаты мандатын жәй кабактарға тастап кету ыңғайсыз, одан үлкен, қымбат мейрамханаларда тастаған дұрыс шығар... Андрей Чеботаревтің: «Айтыңызшы, Ғалым, сіз елді ойлайсыз ба, әлде өзіңізді ойлайсыз ба?» деген сауалына Байтоқ: «Андрей Чеботарев, мен алкогольді асыра пайдалану үшін мандатты қайда беріп кетсем екен деп ойлаймын» деп, шынын айтып жауап берген болатын. Шынында да, Ғалым Байтоқ Мәжіліс депутаттығының мандатын Еуропаның бір жеріндегі ішімдік ішетін мекемеге тапсырып кетпесе жөн болар еді, ал бізде оған үйреніп қалған ғой... Кредиторлар алдындағы қарызы туралы сұраққа болашақ Мәжіліс депутаты "Қазір кімде несие жоқ дейсің" деп жауап берді, бірақ сот шешімін туралы жұмған аузын ашпады... Әрине, басқа партияның праймеризіне түсу, басқа партияға кіруді түсінеміз, бола береді. Алайда өзі бір кездері мүше болған партияны жамандауды қалай түсінуге болады? Қазақ «су ішкен құдығыңа түкірме» дейді. Ол «Ақ жол» партиясында болғанда бәрі жақсы болған екен, ал кетіп қалғасын бәрі жаман болып қалғаны ма сонда? Бір таңқаларлығы, өзіне қажет болған жағдайда, Байтоқ өзінің «Ақ жолға» мүше болғанын еске алуды да ұмытпайды. Ол жақында бір сұхбатында: «Ия. Мен «Республика-Регион-Развитие» қорын басқарамын, Facebook-те блогым бар, онда билік үшін өте жағымсыз жазбалар да жариялаймын. Бірақ менде «Ақжолдың» белгісі қалды - бұл конструктив» деп айтты.БАС ІСТЕМЕСЕ, ҚОЛ ІСКЕ КІРІСЕДІ...
Иә, "Блогер болдым, мінеки" деп жайдақ атқа міне шапқан, Ғалым Байтұқ праймериз бәйгесінде тіпті есінен адасып қалса керек... Байтұқтың бағдарламасының аты "Қайратты қол" екен... Бас істемесе, әрине қол іске кіріседі... Ал парламентке қол емес, бас керек екенін басы барлар ғана біледі... Басында айтқанымыздай, Байтұқ әлеуметтік желі мен саясат алаңын шатыстырып алған секілді. Негізі, "Нұротанның" праймеризмдік іріктеуі өз басыма ұнады. Бұл қанша дегенмен бір қадым алға жасалған қадам. Осы праймериздің арқасында қаншама жаңа үміткерлер шығуда. Олардың ішінде "Нұротан" осы уақытқа дейін айнала шауып, мақсатты түрде жоламай қашып келген, ал Байтұқтардың басына өмірі келмейтін (өйткені оның бағдарламасы "қайратты қол" ғой) Мемлекеттік тіл туралы заңды талап ету (Бейбіт Оспан, Айдос Жұқанұлы және тб) мен ұлттық мүдделер де көтерілуде. Бір жақсысы, праймериз кімнің кім екенін көрсетіп, Байтұқ секілділердің де бес қабат бетпердесін ашып тастауда. Ал бұл праймериздің қорытынды іріктеуіне көмек болары анық. Қазақ тілді ортада ешкім танымайты блогер Байтұқ "Ақ жолды" сынаймын деп, сынға қалып елге танылды. Жас журналист (блогер емес) Азамат Тасқараұлы "танымал" блогерді шынында да танымал етіп, бір-ақ соққымен талдырып түсірді... Өйткені "танымалмын" деген Байтұқты әлеуметтік желіде қазақтың белгілі зиялы қауымының бәрі "Бұл кім?" деп білмейді екен... Тіпті орыс тілділердің де танымай жатқандары көп... Сондықтан Байтұқ блогер жарнамалық еңбегіміздің қадірін біліп, бағалап, құрмет білдіріп жатса, қарсы емеспіз... Болашақта Мәжіліс депуттаты мандатын кепілге тастайтын мейрамханалар есебінен болса да... Яғни, біздің бұл қымбат уақытымызды қиып, оны қазақ оқырмандарына танытатын мақала жазуға және "Нұр отан" партиясы үміткерінің "өз тілінде" - Ресейдің мемлекеттік тіліне аударып жариялауға мәжбүр болуымыз - блогердің жалалы жазбасына жауап беру. Енді ше, бос оттау болса да, бір кездегі "әріптесіміздің" әулекі әрекетін елеусіз қалдыруға бола ма екен... Әркімнің не айтса да, өз еркі, тек әлеуметтік желі мен саясат алаңын шатыстырып алмау керек. Өйткені, бас істемесе, "қайратты қол" қателікке ұрындырады... Қазыбек ИСА, "Ақ жол" партиясы төрағасы орынбасары