КЕҢЕС ДҮЙСЕКЕЕВТІ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚҚА ҰСЫНУ КЕРЕК - Көпен Әмірбек
2020 ж. 31 тамыз
1914
0
"Алматы" телеарнасының ұйымдастыруымен дүниеден озған дүбірлі композитор Кеңес Дүйсекеевтің рухына арналған "Сəуле-ғұмыр" атты 50 минуттық хабарға қатысып қайттым. Өнер өлкесінде жүрген бірталай жұлдыздар мен қоғам қайраткрлері Кеңес ағаны сағынышпен еске алды. Талай əншілердің бағын ашқан талантты композитордың бір ғана Қарағым-ай" əні Димаш Құдайбергеннің орындауында қазақ халқын əлемге əйгілеген жоқ па? Осы əні үшін Кеңес Дүйсекеевті Мемлекеттік сыйлыққа ұсыну туралы мəселе қойылды. Негізі өте орынды ұсыныс. Эфирден қырқылып кетпесе көретін шығарсыздар. Көзі тірісінде көкемнің атын айтпай "Шатақ шал" дейтінмін. Еркелейтінмін. Бұл ат өзіне ұнайтын. Мінезі тік, қара қылды қақ жарып сөйлейтін еді ғой. Сол шатақ мінезі үшін де талай сыйлықтан айырылғанын білем. Есіп сөйлемей кесіп сөйлейтін көкем Кеңес Дүйсекев боп туып, Кеңес Дүйсекеев күйінде бақилық болған жаратылысы бөлек жан еді.
Көпен Әмірбек,
Қазақ үні