Бақытжан Сағынтаев: "Қазақ үні" - бетке ұстар, бәсекеге қабілетті басылымдар қатарында

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Қазақ үні" газетінің 20 жылдық мерейтойымен редакция ұжымын құттықтады.

***

Құрметті «Қазақ үні» газетінің ұжымы!

Егемен еліміздің белгілі басылымдарының бірі — «Қазақ үні» газетінің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Басылым ұжымында талантты журналистер еңбек сіңіріп, басылымның іргесін нығайтты, қаншама жас тілшінің қанаты қатайып, биік белестерге қадам басты. Қазіргі таңда уақыт талабына сай ақпараттық саланы жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ойлы жазбалары жетерлік бетке ұстар, бәсекеге қабілетті басылымдар қатарында.

Редакция ұжымына шығармашылық табыс, еселі еңбек, береке-бірлік тілейміз! Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, қаламдарыңыз жүйрік, ойларыңыз ұшқыр және бастамаларыңыз баянды болсын!

Ізгі тілекпен,

Алматы қаласының әкімі

Б. Сағынтаев