Темірхан Медетбек: Елдің көкейіндегі сөзді дөп басатын басылым
2020 ж. 11 тамыз
1360
0
«Қазақ үні» газетінің оқырманға жол тартқан күннен бастап, халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлап келе жатқанын қалың елі қазағы жақсы біледі. Елдің көкейіндегі өзекті мәселелерді дөп басып айтуымен өзге басылымдардан ерекшеленетінін айрықша атап өтуге тиіспіз.
Мемлекеттік тілдің мәселесін жетер жеріне жеткізіп айтып келе жатқан басылым бүгінде ұлттық мүддеміздің шынайы қорғаушысына айналды.
«Жер сатылмасын» деп билікке өткір талап қойған ұлт жанашырларының Ашық хатын жариялап, өзінің азаматтық позициясын айқын да, батыл көрсетіп келе жатқан газетке Ақ жол тілеймін! Болашақта да Әділеттілік үшін, Шындық үшін өзінің бүкіл болмыс-бітімімен, табиғатымен күресе береді деп сенемін!
Басылымның елдің шынайы ықыласына ие болуы – жұдырықтай жұмыла білген ұжымның, газет президенті, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Кеңес мүшесі Қазыбек Исаның жанкешті еңбегінің жемісі екендігі сөзсіз. Осынау жауапкершілігі зор жолда сіздерге зор шығармашылық табыс тілеймін! Қарымды қаламдарыңыз қуатты болып, шабыттарыңыз шалқи берсін!
Темірхан МЕДЕТБЕК, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қазақ үні