Азат Перуашев әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы заң бұзушылықтарды тексеруді талап етті
2020 ж. 16 шілде
1486
0
Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен қауіпті кезеңдегі ӨЖЖ қондырғыларының жетіспеушілігіне әкеліп соқтырған ӘМСҚ-ғы заң бұзушылықтар туралы хабарламаларды қарастыруды сұрады. Тиісті хат министр Александр Цойға жолданды.
Ашық ақпарат көздерінде ГОБМП талаптарын бұзу және стационарларды құру кезінде реанимациялық бөлімшілердің болу қажеттілігі туралы хабарламалар жарық көрді.
Осы ақпаратқа сәйкес, ГОБМП қағидалары бойынша стационарлық көмек көрсету туралы шарт жасалған кезде, әрбір 100 төсек орынға кем дегенде 15 реанимациялық орын, тиісті жабдықпен, оның ішінде ӨЖЖ құралымен қамтылуы керек.
Алайда сыбайластық жемқорлыққа байланысты бұл хабарламаның ескерлімеуі салдарынан қиын кезеңде өте қажетті ӨЖЖ құралдарының болмауына (Қуаныш Керімқұловтың жазбасы https://m.facebook.com/100001357539553/posts/3156635147725039/ ) әкеліп соқтырды.
Осы пікірлер бойынша, ГОБМП стандарттары мен ережелері сақталғанда пандемия салдарын едәуір төмендетуге және ондаған, тіпті жүздеген азаматтардың өмірін сақтап қалуға мүмкін болатын еді.
Өз кезегінде, лауазымды тұлғалардың жемқорлығынан болған елемеушілік көптеген отбасыны ауыр және қайғылы жағдайға душар етті.
А.Перуашев Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына жолдаған хатында: 1.ГОБМП ережелерінде стационарлардың реанимациялық бөлімшелері белгіленген көлем орындарына құрылатыны, оларды қажетті жабдықтармен, оның ішінде ЖДА қамтамасыз ету туралы талаптардың бары растауды немесе жоққа шығаруды;
- Егер мұндай талаптар бар болса, аталған талаптардың орындалуы бойынша стационарларды қаржыландыру туралы ӘМСҚ жасалаған барлық шарттарды тексеруді, сондай-ақ, стационарлардың ішіндегі реанимациялық бөлімшелердің қамтамасыз етілуін тексеруді;
- Бұзушылықтар анықталған кезде кінәлілерді Сыбайластық жемқорлықпен күрес жөніндегі Агенттігіне бұзу фактілерін тапсыру мен жауапкершілікке тартуды сұрады.