ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Иткуловтың теріс пиғылының төркіні отыз жылғы елді екі тілге-екіге бөлген теріс идеологияда!

Бізден басқа өзін сыйлайтын мемлекеттің бәрінде сол елдің мемлекеттік тілін білмесе жұмысқа алмайды қанша данышпан, Илон Маск, Бил Гейтс түгілі Эйнштейн болып кетсе де?!. Қазақтың орыстілді журналистінің (фейсбуктағы Сырым Иткуловтың посты) осындай "Я один не понимаю того, что для многих наиважнейшим вопросом к новому министру здравоохранения стал его уровень знания казахского языка? Я считаю что в нынешние гиперсложные времена, споры о том , upper intermediate или advanced ли уровень владения языком у главы минздрава, как минимум, стоит не в первую очередь. Тут и без этого вопросов хватает и проблем"-дейді. Яғни, "министрдің қазақ тілін білуі бірінші кезекте болмауы керек, бұл сұрақсыз да проблемалар жетеді" деген пост жазып отырғаны біздің Тәуелсіздік алған отыз жылда да отарлық құлдық санадан арылмағанымызды білдіреді! Қазақтан басқа әлемде бір де бір ел бұлай айтпайды мемлекеттік тілін қорлап... Иткуловтың (атын атағым келмейді -қайран қазақтың ұлысының ардақты атының қор болуы-ай...) теріс пиғылының төркіні неде? Әрине, отыз жылғы елді екі тілге-екіге бөлген теріс идеологияда! Бұл туралы кеше Ұлттық арнаның "Ашық алаң" хабарында ашық айтқан белгілі журналист Айдос Жұқанұлы бауырымызға мың алғыс! Қай тілде оқып, тәрбие алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. (Жүсіпбек Аймауытұлы). Бір жақсысы, біздің итқұловтар алдына түсіп алып шабаланғанмен, Денсаулық сақтау министрі Цой Шымкентте өскен, мемлекеттік тілді біледі дейді... Оған да шүкір. Кеше ғана "Ана тілі" апталығына сұқбат берген ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың мемлекеттік тілді білетін өзге ұлт өкілдерін көтермелеу керек дегені осы шығар... ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ! Сөз көп, іс аз боп кетті демеу үшін МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК! Сонда осындай құлдық санадағы құлықтар жойылады! Иткуловтар Мемлекеттік тіл туралы заңды талап етіп "Қазақ үні" сайтындағы Ашық хатқа 122 мыңдай қол қойылғанын көрсе, талып қалатын шығар мынандай нигилистік ұсқынымен. Мемлекеттік тілді қолдап, қол қойған еліміздің патриоттарының ішінде белгілі журналист, Президент әкімшілігі қызметкері Максим Рожин бастаған оншақты орыс ұлтының өкілдері, отызшақты неміс, кәріс, украин, белорус, өзбек, ұйғыр, дұнған тб Қазақстан Халқы ассамблеясы мүшелері бар. ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ! Ал, СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!. ҚОЛ ҚОЮ СІЛТЕМЕСІ: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН "Қазақ үні" сайтының сілтемесіне өтесіздер: https://qazaquni.kz/2018/09/05/65363.html Толық нұсқа сілтемеде: https://qazaquni.kz/2020/06/27/148263.html https://www.facebook.com/100001081277610/posts/3130845066961505/?d=