Қазақстан мен Қырғызстан барлық шекара бекеттерін ашатын болып келісті
2020 ж. 11 маусым
1207
0
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Әңгімелесу барысында Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында барлық өткізу бекеттерін ашу және екі ел арасындағы кедергісіз жүк тасымалдарын қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар екі тарап коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрестегі және халықты COVID-19-дан қорғаудағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.