Қазыбек Иса. КАЗАКТЫ ҚОЛДАУ - ҚАЗАҚТЫ ҚОРЛАУ!
2020 ж. 29 мамыр
2113
0
Қазыбек Иса. КАЗАКТЫ ҚОЛДАУ - ҚАЗАҚТЫ ҚОРЛАУ!
КАЗАК ҰЙЫМДАРЫН ҚОЛДАУ - РЕСЕЙ ИМПЕРИАЛИЗМІН ҚОЛДАУ!
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ТЕРІС ПИҒЫЛДАРЫМЕН БЕЛГІЛІ БОЛҒАН КАЗАКТАР ЖИЫНЫН ҚАЛАЙ ТОҚТАТАМЫЗ деп жүрсек, АҚМОЛАНЫҢ ІШКІ САЯСАТЫ ОЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТЕН ҚАРЖЫ БӨЛІП ЖҮР ЕКЕН ЖЫЛ САЙЫН?!.
Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев мамандығы тарих пәнінің мұғалімі болса да, Ресей патшалығының Қазақ елін әскери отарлауда алдыңғы қатардағы әскері болып табылатын казактар тарихын білмейді ме сонда? Тарихшы әкім Ермек мырза қандықол қарақшы Ермак тарихын оқымаған ба?
Ал Семей қаласы әкімі Ермак Салимов казактардың атаманы Ермак күнін мерекелеуге жол бергенін қандай ұғымға сыйғызуға болады? Бұл туралы Семейлік Серікбек Айшолпанов:
"Қазақстан Республикасы аумағында өз туларын желбіретіп, қылышын асынып, әскери шеру өткізетін казактарға жергілікті әкімдердің қолдау көрсететіні неліктен?" деп, сол көріністен фото жариялады. "Сурет Семей қаласы маңында казактардың атаман Ермак күнін мерекелеу сәтінен түсірілген, бір қызығы Семей қаласының әкімінің аты жөні - Ермак Салимов"-деп түсінік беріп өткен.
Бұл не масқара!
Тәуелсіздік күніне 100-ден кем емес казак ұйымдары өкілдерін жинап алып, олардың ән фестивалын өткізуге мемлекет қаржысын бөлу - қасқырдың аузын майлап, қой бақтыру емес пе?
Қысқаша айтқанда, КАЗАКТЫ ҚОЛДАУ - ҚАЗАҚТЫ ҚОРЛАУ!
Фейсбук парақшасына Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жариялаған мемлекеттік тапсырыс лотын жариялаған Марғұлан Ермағамбетұлы бауырым дұрыс айтады: "Казак ұйымдарын қолдау ресейлік империализмді қолдау!".
Қазыбек Иса,
Қазақ үні