Елімізде короновирустың өршуі үш айға созылады – Бас санитар
2020 ж. 23 сәуір
1025
0
Елімізде короновирус жұқтырғандар саны сәуірдің соңына дейін 2700-ге, ал, мамыр айында 4 мыңға жетуі ықтимал. Еліміздің Бас санитарының болжамы осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».
Айжан Есмағамбетованың айтуынша, дерттің таралуы әлі 3 айға дейін созылуы мүмкін. Қазіргі таралу деңгейі 8% шамасында. Алдағы уақытта оны 5%, одан әрі 1%-ке дейін төмендету міндеті тұр.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:
- Короновирус көрсеткішінің тұрақтылығы немесе төмендеуі туралы қосымша науқастар тіркелмеген жағдайда ғана айтуға болады. Әзірге көбейіп тұр. Мамыр айының соңына дейін вирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетеді деген болжам бар. Оның өзінде егер барлық карантин талаптары қатаң сақталған жағдайда.