Жұбаныш Жексенұлы: Қандай ел болса да өз тілінде сөйлеу керек
2020 ж. 21 сәуір
2451
0
«Қазақ үні» ұлттық порталында қазақ тілін қолдап, қол қойғандардың саны – 100 099 болды!
Бұл 100 МЫҢ ҚОЛ – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың; «Қазақ тілі -ұлтаралық қатынас тілі болуы керек!»-деген сөзінің айқын көрінісі! Мемлекет басшысының Мемлекеттік тіл туралы бастамасын қалың халықтың қатты қолдауының жарқын үлгісі!
Ашық хатқа ең бірінші болып қол қою құрметі әлемге әйгілі жазушымыз, Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, былтыр 95 жасын бүкіл ел тойлаған, яғни, ең үлкен қол қоюшымыз ӘБДІЖӘМІЛ НҰРПЕЙІС! АЛ 100 000-ыншы қолдың – бақытты сан иесі ӘСИЯ АМАНОВА, мұғалім.
Ашық хатты қолдағандардың бірі – танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы да мемлекеттік тіл мәселесі туралы өз ой-пікірін редакцияға жолдап, ұлттық мүдде жолындағы ұстанымын жеткізді.
- Мемлекеттік тіл мәртебесін қорғайтын бұл Ашық хат өте орынды жолданып отыр деп ойлаймын. Және билік тарапынан да қолдау табады деп үміттенемін. Қандай ел болса да өз тілінде сөйлеп, өз тілінде ойланғаны үлкен бақыт емес пе?! Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта берсін! - деді белгілі әнші.
Қазақ үні