Бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 141 адам тіркелді - Елжан Біртанов
2020 ж. 21 сәуір
1424
0
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында Қазақстандағы коронавирус инфекциясы ахуалын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі күнде жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырған 1949 науқас тіркелді. Олардың ең көп саны Алматы қаласында - 606, Нұр-Сұлтанда - 368, Қызылорда облысында - 149. Өткенде тәулік бойынша 141 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі - 8,2 пайыз құрады», - деді министр Үкіметтің онлайн отырысында.
Оның айтуынша, өткен тәулікте де ең көп науқас Алматы қаласында (82 науқас) және Шымкент қаласында (23) тіркелді.
«Алматы қаласында 82 науқастың 78-і жоспарланған скриниг тест нәтижесінде анықталды. Олардың 60-ы - орталық клиникалық аурухана ішіндегі науқастар мен медициналық қызметкерлер. Шымкент қаласында тіркелген 23 науқастың 16-сы - скриниг бойынша анықталған науқастар. Төтенше жағдай департаментінің азаматтары. Қалған науқастар - емделіп жатқан пациенттер және қарым-қатынас арқылы карантинде жатқан азаматтар», - деді Е. Біртанов. Жалпы өткен тәулік бойынша 19 науқас қайтыс болып, 447 науқас емделіп шығарылды. «Қазіргі уақытта 1386 науқас емделіп жатыр, олардың арасында 100 бала бар. Жалпы орташа жағдай бойынша - 258, нашар жағдай бойынша - 32, қалған 1096 науқас жағдайы - бірқалыпты», - деді Елжан Біртанов.