"Қар жауған күні мен 2 сағаттай ғана ұйықтаймын"...
Нұр-Сұлтанда қар тазалау мәселесіне әкімнің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев жетекшілік етеді.
Тengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында шенеунік астаналық қызметтердің көшелерді тазалаумен қалайайналысатыны туралы айтып берді.
Әкім орынбасарының сөзінше, қар жауғаннан кейін оны тазалауға 2-3 күн қажет.
- Қардың мұншама көп жауғаны қалыптан тыс жағдай. Және бұл қаңтар айының соңына дейін жалғасады деп болжанады. Қазір қаладағы жүретін жолдар тазартылып отыр және олармен жол жүру негізінен қамтамасыз етілген. Адамдар жұмыс орындарына кедергісіз жетуде. Қарды қаладан шығару ғана қалды. Бірақ қар күндіз де, түнде де тоқтаусыз жауып жатыр, сондықтан қиыншылықтар жоқ емес. Ең қиыны – қарды күндіз тазалау. Жолдарда машиналар көп. Сондықтан қарды біз түнде шығаруға тырысамыз. Бүгінгі күнге дейін 2,3 миллион текше метр қар шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 65 пайыз артық. Қала қарқындап өсіп келеді, 24 жаңа көше қосылды. Биыл біз былтырғыдан 177 бірлік техника көп пайдаланамыз. Енді 10 күн жақсы жұмыс істесек болды, - дейді А. Қайсағалиев.
Сонымен қатар, шенеунік өзінің жұмыс күні түнгі сағат үш-төрттерде аяқталатын айтты.
- Ұйықтауға екі-үш сағат қана қалады. Таңертең жетіде оянып, 15 минуттан кейін үйден шығамын. Қар жауған күні мен 2 сағаттай ғана ұйықтаймын. Алғашқы қар жауған күндері мен бес күн бойы ұйықтамадым. Шын айтам,- деді ол сұхбатында.