Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы ақпаратқа әкімдік түсініктеме берді
2020 ж. 16 қаңтар
1915
0
Павлодар облысының әкімдігі өңір басшысы Болат Бақауовтың ұсталғаны және тергеліп жатқаны туралы ақпараттарға түсінік берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
«БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінен.