Президент: Халқымыз тағы да қиын сәтте жәрдем беруге әзір екенін көрсетті
2019 ж. 30 желтоқсан
1844
0
ҚР Президенті ұшақ апаты кезінде ауызбіршілік танытқан жұртқа алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті» делінген Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жариялаған хабарламада.
Айта кетейік, кеше Алматыда 500 адам Bek Air ұшағы апатынан аман қалған адамдар үшін қан тапсырды. Сондай-ақ, Гүлдала ауылының тұрғындары ұшақ құлаған жерде жұмыс істеп жатқан құтқару қызметінің мамандарына ыстық тамақ беру шарасын ұйымдастырды.