Тоқаев Бас прокурорға заң үстемдігін қамтамасыз етуді тапсырды
2019 ж. 24 желтоқсан
1910
4

Кездесу барысында Бас прокурор Қазақстан Президентіне қадағалаушы орган жұмыстарының қорытындылары, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Президентке азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ, қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері және қылмыстық процеске цифрлық технологияны енгізу туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам өміріндегі барлық сала бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.