Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ
2019 ж. 13 желтоқсан
2420
0
"Қазақ үні" ақпарат агенттігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзін оқырман қауымға ұсынады.
Қадірлі қауым!
Баршаңызды еліміздің ең басты мерекесі – қасиетті Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мерейлі мемлекет болғанымызға 28 жыл толды.
Бұл – тарихи белестеріміздің бастауы, ұлы мейрам!
Бүкіл еліміз үшін бұдан асқан айтулы күн, маңызды мереке жоқ!
Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы.
Біздің буын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында халқымыздың асқақ арманын ақиқатқа айналдырды.
Байрақты бабаларымыз бізге ұлан-байтақ жерді мұра етіп қалдырды.
Олардың аманатына адал болу – баршамыздың киелі парызымыз.
Азаттық үшін алысып, ел үшін жан пида еткен батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Еліміздің алтын дәуірі, дербес дамуы егемендік алған күннен басталды.
Көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.
Әлем бойынша тоғызыншы орындағы жеріміздің шекарасын толық шегендедік. Бүкіл әлем Тәуелсіз Қазақстанды сенімді серіктес ретінде таныды.
Алатаудың баурайынан елордамызды Арқа төсіне көшіріп, Есілдің жағасына ел қондырдық.
Бас қаламыз аса маңызды халықаралық жиындардың орталығына айналды.
Мемлекеттік және азаматтық институттарға негізделген басқару жүйесін жетілдірдік.
Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту басты міндетіміз болды.
Қиындыққа толы алғашқы жылдарда экономикада түбегейлі реформаларды қолға алдық.
Соның арқасында 28 жыл ішінде ішкі жалпы өнім абсолютті өлшемде 16 есеге өсіп, 180 миллиард доллар болды.
Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап келеді.
Еліміз халықаралық экономикада өзінің лайықты орнын алды.
Бізге шет елден 330 миллиард доллар инвестиция тартылды.
Осының бәрі, ең алдымен, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Бұл, еліміздің абыройын және кемелдігін айқын көрсетеді.
Тарихта тұңғыш рет халқымыз өз тағдырына ие болды.
Бүгінде азаматтарымыз өзінің және мемлекетіміздің болашағына нық сеніммен қарайды.
Еліміз сан қилы тарих зұлматтарын өткеріп, еңсесін тіктеді. Әлем қоғамдастығына нық қадам басты.
Халық саны 2 миллионға көбейіп, Тәуелсіздік алдындағы демографиялық дағдарысты еңсердік. Қазір біз 18,5 миллионнан астық!
Мемлекетіміздің даму бағдарын өзіміз айқындау мүмкіндігін алдық.
Бүгінде еліміздің жаңғыру үлгісін «Қазақстан жолы» деп атайды.
Осындай ауқымды өзгерістерге Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамашы және көшбасшы болды.
Жаһан жұртшылығы Елбасымызды әлемдік деңгейдегі тарихи тұлға ретінде мойындады.
Барлық салада толайым табысқа кенелдік деп күмәнсіз айтуға болады. Мұны бүгінгі буын және келер ұрпақ бағалауы керек.
«Бейнет көрмей, дәулет жоқ» деп Хакім Абай айтқандай, біз бұған оңайлықпен жеткен жоқпыз.
Сондықтан, бұл мереке – бүкіл халқымызға ортақ тәубенің тойы, мәртебенің мерекесі!
Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Оны қадірлеу – баршамыздың қасиетті борышымыз.
Дорогие соотечественники!
Этот год стал особенно значимым для нашей страны. Мы подтвердили незыблемость нашей государственности и демократического пути развития, преемственность стратегического курса Елбасы Нурсултана Абишевича Назарбаева.
Бесценный опыт и знания Первого Президента – Елбасы будут востребованы нашим народом и использованы на благо страны.
Наш долг – чтить его колоссальный труд как Отца-основателя нашего государства, выдающегося государственного деятеля, личности исторического масштаба.
В этом году мы приступили к реализации нового этапа социальной модернизации. На эти цели направлено почти 3,5 триллиона тенге. Из них свыше 530 миллиардов – на поддержку семей с детьми и малообеспеченных граждан.
В 1,5 раза повышен уровень минимальной заработной платы. Это обеспечило рост доходов порядка 1 миллиона 300 тысяч казахстанцев.
Будет повышена заработная плата работников бюджетной сферы – педагогов, медиков, гражданских служащих.
Увеличиваются размеры базовой пенсии и пособий по уходу за детьми.
Государство помогло снизить кредитную нагрузку полумиллиону наших малообеспеченных граждан.
Со следующего года на 25% будут увеличены стипендии студентам колледжей, бакалавриата, магистратуры, докторантуры.
Нынешний год стал ярким свидетельством роста гражданского самосознания. Страна меняется в соответствии с современными тенденциями в мире.
Ярким примером народного единства стали события в Арыси.
Проявив сочувствие, казахстанцы со всех регионов страны собрали 7 миллиардов тенге для попавших в беду соотечественников.
За короткий срок общими усилиями госорганов, волонтеров и бизнеса восстановлено более 7,5 тысяч домов, почти 70 социальных объектов – школ, больниц.
Біз Тәуелсіздік жылдарында жалпы ұлттық бірлік рухын күшейттік.
Төрткүл дүниеде болып жатқан өзгерістерге қарасақ, мұның аса маңызды екенін жақсы түсінеміз.
Қазіргі таңда әлем қоғамдастығы соңғы елу жылдағы ең күрделі сенім дағдарысын бастан өткеруде.
Бұл – тұрақтылық пен ынтымаққа қауіп төндіретін үрдіс.
Азаматтар мен мемлекет институттары арасындағы қарама-қайшылықтар да ушығып тұр.
Күллі әлем жұртшылығы тұрмыс сапасын жақсартуды, тең мүмкіндіктер беруді және мемлекеттің ашықтығын талап етуде. Қазақстан осы әлемнің бір бөлігі. Сондықтан, бұл мәселелердің біздің елімізге де қатысы бар.
Осындай жағдайда жалған ұрандарға сенген елдердің береке-бірліктен айырылғанына куә болып отырмыз.
Сондықтан, жағымсыз әрекеттерге дер кезінде назар аударып, халықтың мүддесіне сай саясат жүргізу өте маңызды. Ең алдымен, еліміздің тұғыры әрқашан мықты болуы керек. Ал, бұл халқымыздың татулығына байланысты.
«Бірлік бар жерде тірлік бар».
Мемлекетімізді бақуатты елге айналдырып, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту – ұлттық стратегиямыздың басты мақсаты.
Осыған орай, бірқатар нақты міндеттерді шешуді өзімнің негізгі мақсатым деп санаймын.
Прежде всего, это устойчивый рост национальной экономики.
Независимость и процветание любой страны зиждется на прочной экономической базе.
Наша стратегия предусматривает стабильный рост ВВП не менее чем на 4% ежегодно, с возможным выходом на 5%.
Это достижимо только в условиях полноценного развития рыночных механизмов при стабилизирующей роли государства.
Правительство предпринимает меры по улучшению системы налогообложения и разумному финансовому регулированию.
В ускоренном порядке Парламентом принимаются необходимые законы.
Мы должны привлечь новые инвестиции, увеличив их объем до 30% к ВВП.
Предстоит увеличить производительность труда, ориентируясь на опыт развитых стран.
Мы будем продолжать строить и развивать нашу столицу, названную именем ее главного архитектора, основателя нашего государства.
Но все усилия будут напрасны, если в стране не сформируется прочный фундамент из экономически активных граждан.
Нация должна быть охвачена духом честного предпринимательства. Поэтому нам предстоит дать мощный импульс развитию малого и среднего бизнеса.
Со следующего года начнут действовать серьезные меры поддержки, прежде всего, малого и среднего бизнеса, о чем я говорил в своем Послании.
Мы строим инклюзивную, поистине народную экономику, выгоды от развития которой должен получить каждый гражданин страны.
Біздің басты міндетіміз – әр азаматтың тұрмыс сапасын арттыру.
Сондықтан, мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді орындауға баса мән беріп отыр.
Осы мақсатта тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Халықты қолжетімді баспанамен қамту үшін көптеген жеңілдіктер жасалып жатыр.
Важно, что люди уже стали понимать необходимость перехода от простого потребления к накоплению.
На сегодняшний день в Жилстройсбербанке открыто 1,5 миллиона вкладов.
Из 526 тысяч человек, стоящих в очереди на жилье в акиматах, около 200 тысяч начали делать сбережения.
А это значит, что у них появляется возможность быстро решить жилищный вопрос на приемлемых условиях.
Ответственные родители открыли 180 тысяч детских депозитов.
В этом году 4 тысячи малообеспеченных семей справили новоселье благодаря программе «Бақытты отбасы», получив займы под 2% годовых.
Но этого, конечно, недостаточно. Сейчас не время для самоуспокоения. Ситуацию с жильем надо менять кардинально.
Данный вопрос будет неизменно находиться в фокусе нашего внимания. Обеспечение жильем – это приоритет социальной политики государства, поэтому в скором времени будут предприняты дополнительные меры.
Правительство прорабатывает вопрос распространения опыта программы «Бақытты отбасы» на всех очередников.
Мной дано поручение Правительству в 2020 году расширить данную программу.
Другими словами, проблеме обеспечения жильем наших граждан будет уделяться первостепенное внимание. Думаю, результаты этой работы не за горами.
Біз бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын біртіндеп арттырып келеміз.
Бұл ұстаздар қауымына, дәрігерлерге және мәдениет саласы мамандарына қатысты. Мысалы, келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі, ал жалпы төрт жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады.
Көп балалы отбасылар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар әрдайым мемлекеттің қамқорлығында болады.
Біз әлеуметтік мемлекет екенімізді ешқашан естен шығармаймыз.
Өзгеге қолдау көрсетіп, қол ұшын беру, көмектесу – халқымыздың қанына сіңген қасиет.
Бұл – біздің ұлттық кодымызда бар нәрсе.
Мы поставили для себя задачу построить слышащее государство.
Современные модели государственного строительства уже дистанцировались от концепции элитарности, исключительности власти.
Каждый чиновник должен помнить: мы часть народа, работаем для народа и среди народа!
Слышащее государство – это отсутствие бюрократии в ее худшем проявлении и прозрачность всех процедур на основе цифровизации.
Нужно привлечь новую волну управленцев в систему государственной власти.
Первый шаг сделан – формируется Президентский молодежный кадровый резерв. Молодые профессионалы будут направлены на ответственные участки системы госуправления.
В слышащем государстве каждый гражданин должен чувствовать себя в безопасности и защищенным от любых проявлений самодурства и некомпетентности со стороны чиновников. От таких чиновников мы будем решительно избавляться.
Правоохранительную и судебную системы ожидает серьезная трансформация.
Полиция постепенно переходит на сервисную модель работы. Суд станет полноценным институтом обеспечения справедливости в обществе.
В слышащем государстве местная власть оценивается местными жителями, а ключевые решения принимаются с их одобрения.
Продолжатся политические реформы, направленные на повышение роли гражданского общества.
Начал работать Национальный совет общественного доверия, совершенствуется законодательство в части защиты прав наших граждан.
Бұл – біздің алдымызда тұрған тағы бір маңызды міндет – ұлттық сананы жаңғыртудың кепілі.
Қазақстан Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» жолымен алға қадам басуда.
Еңбекқорлық – әлем елдерін табысқа жетелейтін басты игілік.
Сондықтан, біз дүние жүзіне еңбекқор ұлт ретінде танылуымыз керек.
Мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек пен масылдықтың ара-жігін ажырата білген жөн.
Біз күнделікті өмірде ысырапшылдық пен өзгеге еліктеушіліктен арылуымыз керек.
Ата-бабамыз дәріптеген қанағат пен үнемшілдікті жаңа буынның рухани тірегіне, асыл қасиетіне айналдыру қажет.
Білімге деген құштарлық азаматтарымызды ғылым мен технология саласындағы зор жетістіктерге жетелеуі тиіс.
Қазақ тілі өркениеттің ой-пікірін қалыптастыратын, өнертапқыштар мен ғалымдар сөйлейтін тілдермен қатар тұруы керек. Сонда ғана ана тіліміз ұлтаралық қатынас тіліне айналады.
Келесі жылы әл-Фарабидің 1150 жылдығын, ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өтеміз.
Сонымен қатар, Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Мұның бәрі төл тарихымызды дәріптеп, рухани жаңғыруымыз үшін қажет.
Несколько слов о молодежи.
Ее энергия и уверенность в своих силах достойны искреннего уважения. Такие молодые люди – будущее нашего государства.
Завершающийся Год молодежи дал импульс реализации программ по поддержке молодых людей. Эту работу мы продолжим.
Следующий год объявлен Годом волонтера. Это хорошая возможность не только проявить себя в благом деле, но и получить необходимые навыки, которые пригодятся молодежи в дальнейшей жизни.
Мы должны показать всему миру, что в нашей стране живет достойная молодежь, которая поведет Казахстан к новым победам и свершениям.
Мы обязаны сохранить и упрочить авторитет нашей страны на мировой арене. Это еще одна важная задача, направленная на защиту нашей Независимости.
Казахстан будет укреплять региональную и глобальную безопасность, при этом строго исходя из национальных интересов.
Особое внимание будет уделено сотрудничеству с союзниками и стратегическими партнерами, соседними государствами по Центральной Азии, со всеми заинтересованными странами.
Казахстан будет активно защищать интересы наших граждан и бизнеса за рубежом.
Внешняя политика – это не только визиты, саммиты, переговоры. Каждая страна выходит в мир прежде всего через достижения своих граждан.
Для нас это казахстанская культура и ее прославленные мастера, достижения отечественных спортсменов, участие наших ученых в мировых научных открытиях, это упорный труд педагогов, медиков, работников производственной сферы.
Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Елбасы басшылығымен ауқымды жұмыстар атқарылды.
Біз бүкіл халқымыздың мықты күш-жігерінің арқасында биік белестерді бағындырдық.
Мемлекет мәртебесін көтерген берекелі бастамаларды ел болып, халық болып бірге жүзеге асырдық.
Сол арқылы егемен еліміздің мерейін өсіріп, тәуелсіздігімізді нығайта түстік.
Ел тарихындағы барлық жетістіктер – әр азаматтың ерен еңбегінің нәтижесі.
Бүгінгі марапат иелері – соның жарқын көрінісі.
«Еңбек ерлікке, ерлік елдікке жеткізеді» дейді халқымыз.
Сіздер өнегелі істеріңізбен өзгелерге үлгі болып, көпшіліктің құрметіне ие болып келесіздер.
Өз саласында ерекше табысқа жеткен азаматтар ең жоғары наградаларға лайық.
Сондықтан, бүгін мереке қарсаңында арнайы бас қосып отырмыз.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы еліміздің дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға беріліп отыр.
Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің төл мәдениетімізді дамытуға сіңірген еңбегі зор.
Әбдіжәміл Кәрімұлы – ұлттық сөз өнерін әлемдік деңгейге көтерген, халықтың ықыласына бөленген жазушы.
Жақында классик қаламгерге еліміздің ең жоғарғы марапатын табыстадым. Оған барша ел-жұрт куә болды.
Ал, бүгін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаеваға беріледі.
Өнерде қайталанбас қолтаңбасы бар әншімізді бүкіл ел болып мақтан тұтамыз.
Қазақ сахнасын ғана емес, шетел көрермендерін тәнті еткен өнер иесінің еңбегі жоғары марапатқа лайық деп санаймын.
Звание «Қазақстанның Еңбек Ері» присваивается Макишеву Турсынбеку Шамбуловичу.
Более 25 лет он отдал работе на шахте Восточно-Жезказганского рудника корпорации «Казахмыс».
Турсынбек Шамбулович, проходчик шестого разряда, является ярким примером Человека труда, который ежедневно вносит свой значимый вклад в укрепление промышленного потенциала нашей страны.
Бұлар – қажырлы еңбегімен бүкіл қоғамға үлгі болған тұлғалар.
Қазіргі жас буын сіздерге қарап бой түзейді.
Бүгін «ОТАН» орденімен көрнекті композитор, жазушы, өнертанушы Илья Жақанов марапатталып отыр.
Оның туындыларын халқымыз сүйіп тыңдайды. Композитордың шығармалары ұлттық музыка өнерін жаңа белеске көтерді.
Елбасы Илья Жақановтың шығармашылығына үлкен сүйіспеншілікпен қарайтынын атап өту керек.
Белгілі композитор бүгінге дейін ұлт руханиятына адал қызмет етіп келеді.
Орденом «ОТАН» награждается директор Донского горно-обогатительного комбината – филиала АО «ТНК «Казхром» Тиль Виктор Вальдемарович.
Под его руководством «Казхром» стал одним из инновационно-технологических лидеров нашей страны.
Пройдя достойный трудовой путь от простого рабочего до главы компании, он проявил выдающиеся управленческие качества, позволившие значительно модернизировать отечественное производство.
Сонымен қатар, «ОТАН» орденімен Кентау трансформатор зауытының басшысы Сайдулла Ілиясұлы Қожабаев марапатталды.
Ол қарапайым жұмысшыдан білікті басшыға дейінгі барлық сатыдан өтті.
Сайдулла Ілиясұлы жаңа технологиялар арқылы өндірісті өркендетуге зор еңбек сіңірді.
Бірінші дәрежелі «БАРЫС» орденімен еліміздің мақтанышы, аса көрнекті әнші, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова марапатталды.
Бірінші дәрежелі «БАРЫС» орденібелгілі ғалым әрі қоғам қайраткері Әділ Құрманжанұлы Ахметовке берілді.
Сондай-ақ, бірінші дәрежелі «БАРЫС» орденімен қазақ әдебиетінің дара тұлғасы, көрнекті жазушы Төлен Әбдік марапатталды.
Бірінші дәрежелі «БАРЫС» ордені Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахмановқа берілді.
Ол қарымды қаламгер ретінде ұлттық журналистиканы дамытуға мол үлес қосты.
Сонымен қатар, бірінші және екінші дәрежелі «БАРЫС» ордендерімен абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов және көрнекті философ Ғарифолла Есім марапатталды.
Олар ұлы Абайдың шығармаларын зерттеп, тіл, әдебиет, философия салаларын дамытуға айрықша еңбек сіңірді.
Бұдан бөлек, екінші дәрежелі «БАРЫС» орденімен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахат Омашқызы Әзімбаева марапатталды.
Біз педагог мәртебесін арттыруға ерекше мән беріп отырмыз.
Ұстаз деген ұлағатты есімді әрдайым ұлықтауымыз керек.
В числе награжденных орденом «Парасат» известный деятель культуры, руководитель Шымкентского городского драматического театра Игорь Владимирович Вербицкий, известные общественные деятели Елена Ивановна Тарасенко и Елена Николаевна Сакенова.
Биыл «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы халқымызға танымал әнші Тамара Асарға берілді.
Ол – қазақтың қайсар қызы, дарынды әнші, нағыз өнер майталманы.
Сондай-ақ, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы елімізді дүние жүзіне паш еткен бірегей талант иесі Димаш Құдайбергенге берілді.
Құрметті қауым!
Еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыру – мемлекеттік маңызы бар мәселе.
Бұған Қазақстанның ғылым қайраткерлері елеулі үлес қосып келеді.
Ғылыми зерттеулер экономикалық өсімге жол ашады.
Сондықтан, біз мұндай жұмыстарға айрықша мән береміз, лайықты қолдау көрсетеміз.
Еңбегімен дараланған ғалымдарға әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық табыс етіледі.
Биыл мемлекеттік сыйлық академик Төрегелді Шарманов бастаған ғалымдар тобына берілді.
Олардың ғылыми-зерттеу жұмыстары ұлттық ерекшелігі бар тағам өндірісін дамытуға арналған.
Бұл – халқымыздың денсаулығы үшін аса қажетті маңызды қадам.
Государственная премия в области науки и техники присуждается также за цикл исследований на тему «Новые иновационные достижения в развитии животноводства», проведенных на базе учебного научно-производственного центра «Байсерке-Агро».
Этот проект состоялся благодаря известному государственному и общественному деятелю Темирхану Мынайдаровичу Досмухамбетову.
Осындай зор жетістік табанды еңбек пен терең ізденістің нәтижесі деп санаймын.
Бүгін басқа да маңызды ғылыми жұмыстарға мемлекеттік сыйлық беріліп отыр.
Барлық лауреаттарды және награда иелерін шын жүректен құттықтаймын!
Бұл сый-құрмет – Тәуелсіздіктің тартуы.