Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына жолдау жасайды
2019 ж. 02 қыркүйек
2507
0
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінен кейін алғаш рет халыққа жолдау арнайды, - деп хабарлайды sputniknews.kz..
"Президент туралы" конституциялық заңның 12-бабына сәйкес, мемлекет басшысы жыл сайын халыққа елдегі ахуал және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы ауызша немесе жазбаша жолдау жасауға құқылы.
Дүйсенбіде мәжіліс пен сенаттың бірлескен отырысы барысында парламенттің бесінші сессиясы ашылады. Президенттің жолдауы сессияда жария етілетіндіктен, ол талқыланбайды және оған қатысты сұрақтар қойылмайды.
Тоқаев Желідегі парақшасында парламент пен үкіметке есірткі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және адамға қарсы басқа да ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жазаны қатаңдату туралы тапсырма беретінін жазды.
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Sputnik Қазақстанға Тоқаев Қазақстанның саяси жүйесін модернизациялау туралы айтуы мүмкін екенін жеткізді. Саясаттанушы Оразғали Селтеев жолдау тақырып бойынша төрт бөлікке бөлінетінін атап өтті: әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси. Саясаттанушы және Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Данияр Әшімбаев Тоқаев алғашқы жолдауында өзінің сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аударады деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымындағы кезектен тыс сайлау нәтижесінде Қазақстан президенті болды. Ол сайлаушылардың 70,96% дауысын алды.