ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2019 ж. 28 тамыз
3676
1
Ұлттық Кеңесті ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы, Ұлттық кеңес төрағасының орынбасары Қырымбек Көшербаев ашып, жүргізіп отырды. Қырымбек Елеуұлы жиналғандарға Ұлттық Кеңес мүшесі куәлігін тапсырды. Президент кеңесшісі, Ұлттық Кеңес хатшысы Ерлан Қарин ұйымдастыру жұмысы бойынша хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Асылбек Қожахметов, Мұхтар Тайжан, Қазыбек Иса, Сейдахмет Құттықадам, А. Чеботарев, Т. Қалиев, Ауыт Мұқибек, Жәнібек Қожық, Мұрат Әбен, Расул Жұмалы, Айгүл Орынбек, Айман Умарова, Бақытжан Бұқарбай, Қайырбек Арыстанбеков және тб сөйледі.
Ұлттық Кеңесте Саяси модернизация, Әлеуметтік-мәдени және Экономикалық үш жұмыс тобы құрылды.
Енді Ұлттық Кеңестің алғашқы мәжілісі 6 қыркүйекте ҚР Президенті, Ұлттық Кеңес төрағасы Қ. Тоқаевтың қатысуымен өтеді.