Қарқаралыда Алаш арыстарының ескерткіші бой көтерді
2019 ж. 28 тамыз
4672
0
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында Алаш арыстары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлімхан Ермековке ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еңселі ескерткіш жергілікті суретші Сәкен Дәулетбаев, мүсіншілер Талғат Байоразов пен Кенжебек Қошантаевтың авторлығымен тұрғызылды. Мүсіннің биіктігі 3,15 метр, салмағы 2 тонна.
Тәуелсіздік жолында саяси оқиғалардың бесігі болған қасиетті Қарқаралыдағы қуанышты әлеуметтік желі қолданушылары сүйіншілеп бөлісіп жатыр.
«Бүгін Қарқаралы қаласында «Алаш арыстары» ескерткіші ашылған екен. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермекұлы аталарымыздың құрметіне. Құтты болсын! Шіркін-ай, Жетісудың қақ ортасында Барлыбек Сырттанұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Садық Аманжолұлы, Ыбырайым Жайнақұлы, Біләл Сүлейұлы, Базарбай Мәметұлы сынды жетісулық Алаш арыстарына осындай еңселі ескерткіш қойылса, жақсы болар еді», - деп жазады Алаш тақырыбын зерттеп жүрген Елдос Тоқтарбай.