Ләззат Ахатова: Мемлекеттің қаржысын үнемдеген Ислам Әбішевтің шыншылдығы кімге жақпай қалды?
2019 ж. 05 тамыз
4247
10
Астанадағы Шанхай базарының жанында орналасқан түрменің сыртқы көрінісі көңілге үрей ұялатады..Ішкі көрінісі де оңып түрған жоқ, әрине..Ішінде қанша адамның тағдыры тәлкекке түсіп жатыр. Сол жерде қазір Ислам Әбішев ағамыз отыр.
Қанша адамға шапағатын тигізген, қазақтың қайсар да аяулы азаматы еш деләлсіз жала жабылып, 14 наурыздан бері қамауда..Пайғамбар жасына келген адамды қанішер қылмыскерден бетер тар қапасқа қысып, тіпті үйқамаққа да шығармай отырғаны түсініксіз.
Бұл саяси қитұрқылықтың артында кім тұр екен? Мемлекеттің млрд-таған қаржысын үнемдеген шыншылдығы кімге жақпай қалды?
Бұрын азаматтығы жайлы сырттан естіп жүрген болсам, қазір іс бойынша қорғаушысы болып жүрген аз уақытта Ислам ағаның шынында үлкен жүректі, ұлтжанды, өте іскер тұлға екеніне көзім анық жетті. Өзі тар жерде отырса да, жазықсыз сотталайын деп жатқан қанша адамды бостандыққа шығартуға тікелей септігін тигізіпті.
Менің көзімше бір күнде үш адамның тағдырын арашалап қалды. Бір жігіт 1 500 000 теңге тауып бере алмай, 6 жылға сотталайын деп жатқан жерінен қарызын төлеп беріп, жазасын жеңілдетпекші. Артынан келген інісіне соны тапсырып отыр. Тағы біреу 800 000 теңгеге бола темір тордың ар жағына кетпекші. Оған да көмек бермекші. Бірнеше сотталушының (жазықсыз) 17-18 беттік апелляциялық шағымдарын жазып берген. Бірін тіпті сот залынан босатып жіберіпті. Азаматтығына тәнті болдым.
Қанша қысым жасалса да, рухы сынбаған! Өр қалпын жоғалтпаған. Нағыз азамат деген сөз осындай ерлерге арналған шығар.Сүйегі асыл деп осы кісі тектес адамдарды айтатын шығар. Боркемік біреу болса, біреуге жақсылық жасамақ түгілі, өз басымен қайғы боп, жүнжіп кетер еді. Алланың берген сынағын қасқайып, мойымай көтеруге де үлкен парасат пен тектілік керек шығар.
Бос уақытын құр өткізбей, қоғамды толғандырып жүрген мәселелерді шешуге білікті маман ретінде БАҒДАРЛАМА жасаған. Ол бөлек тақырып. Өз көзіммен көрген ақиқат - Ислам ағаның іскерлігінен, біліктілігінен, мемлекетшілдігінен басқа, АЗАМАТ ретіндегі болмысы тіпті бөлек екен. Бір бойына қаншама қасиет қонған алаштың аяулы азаматы, мемлекетке, халыққа әлі керек!
Бүгінгі күнге дейін Ислам Әбішевке бостандық сұраған халықтың саны - 80 мыңға жетті! Қолдау көрсетіп, бәріміз бір кісідей ат салысайықшы! #Ислам_Әбішевке_бостандық!
Ислам Әбішевті қорғау комитеті