Ислам Әбіш: ҚОҒАМДЫ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР ТОЛҒАНДЫРАДЫ? 

Редакциядан. Біз төменде Ислам Әбіш бастаған бастамашыл топтың мемлекет пен қоғам алдындағы қордаланып қалған көп мәселені қалай шешу жайлы Үндеуін жариялап отырмыз. Ауыл шаруашылығы Су комитетінің төрағасы лауазымын 2012 жылдан бері абырой атқарып келген Ислам Әбіштің  «60 млн.теңге пара алды» деген айыптаумен наурыз айында жазықсыз қамауға алынғаны белгілі. «Жазықсыз» деп отырған себебіміз тергеу орындары «парамен ұсталған» адамның айыптау қорытындысын әлі күнге жазып бітіре алмауда... Әділдіктің салтанат құрарына сенімі мол азамат тар қапаста да қарап отыра алмай, «бос уақытының мол» екенін пайдаланып, өзінің мол тәжірибесі мен білімін екшеп, ел экономикасын тұйықтан шығарып, әлеуметтік саланы сауықтырудың кешенді бағдарламасын жасауда. Мұқият оқып шығуларыңызды, ой-пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді өтінеміз.    

 

№1 ҮНДЕУ

ҚОҒАМДЫ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР ТОЛҒАНДЫРАДЫ? 

Оларды тез арада және тиімді шешудің жолдары қандай?

 
  1. Халықтың көпшілік бөлігінің әлеуметтік жағдайының нашарлығы:
-баспананың жоқтығы; -тұрақты жұмыстың жоқтығы; -еңбекақының төмендігі; -мұқтаж адамдарға берілетін жәрдемақының ең төмен деңгейлігі; -инфляция.
  1. Ауылдық жерлердегі инфрақұрылымдық нысандардардың тозығы жеткендігі
немесе олардың мүлде жоқтығы: -орталықтандырылған ауыз су жүйелері; -канализация; -табиғи газ; -ауыл ішіндегі және елді мекен аралығындағы жарамсыз жолдар; -апаттық жағдайдағы және 3 ауысымды мектептер; -ауылдық елді мекендердің ұсқынсыз келбеті. IІІ.         Экономиканың шикізаттық бағыты. Шағын және орта бизнестің жеткіліксіз дамуы. Ұзақ мерзімге берілетін төмен пайызды несиелердің жетімсіздігі. ІV.         Ішкі саяси мәселелер. Қоғамның демократиялануы.
  1. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас
жемқорлықтың көбеюі. Біздің ойымызша, бұл бүгінгі таңдағы жедел шешімін табуға тиісті негізгі мәселелер. Біздің өмір мектебінен өткен тәжірибелі ынталы топ АҚШ, Англия, Қытай және басқа шет елдерде білім алған жас мамандармен біріге отырып, аталған жәйттерді жедел шешудің жолдарын қарастырды.  

Біздің ұсыныстарымыз!

  І.         Халықтың көпшілік бөлігінің әлеуметтік жағдайының нашарлығы:
  1. Үш жыл аралығында кезекте тұрған әлеуметтік
жағдайы төмен 200 мың отбасыны баспанамен қамтамасыз ету;
  1. Жыл сайын 100,0 мың тұрақты жұмыс орнын құру.
  2. 2021 жылдан бастап мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақысын 2,0 есе көбейту.
  3. 2021 жылға қарай ең төменгі жалақы деңгейін 150 мың
теңгеге жеткізу.
  1. 2021 жылдан бастап жәрдемақының барлық түрін 2 есе көбейту.
  2. 2021 жылдан бастап инфляция деңгейін 1,5-2 пайыздық деңгейін қамтамасыз ету.
ІІ.        Ауылдық жерлердегі инфрақұрылымдардың тозығы жеткен нысандар немесе олардың мүлде жоқтығы:
  1. Ел тұрғындарының бәрін 100 пайыз орталықтандырылған
ауыз сумен қамтамасыз ету (3 жыл ішінде).
  1. Барлық елді мекендерді толықтай газбен қамтамасыз ету (5 жыл ішінде).
  2. Үш жыл аралығында 5,0 мың километр жергілікті жолдарды жөндеу.
  3. Апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқытатын
мектептер мәселесін толықтай шешу (3 жыл ішінде).
  1. 1000 адамнан артық тұрғындары бар ауылдық
елді мекендердің сырт келбетін  еуропалық стандартқа сәйкестендіру (2 жыл ішінді).
  1. 2023 жылға дейін барлық мұқтаж студенттерді жатақханамен
толықтай қамтамасыз ету. ІІІ.      Экономиканың шикізаттық бағыты. Шағын және орта бизнестің жеткіліксіз дамуы. Ұзақ мерзімге берілетін төмен пайызды несиелердің жетімсіздігі:
  1. Мал шаруашылығына 1 млрд. доллардан аса
бюджеттен тыс инвестиция тарту (3 жыл ішінде).
  1. Суармалы жерлерді өркендету үшін 3 млрд. АҚШ доллары
көлемінде бюджеттен тыс инвестиция тарту; бұл ретте суармалы жерлер инфрақұрылымын бюджеттік қаржы есебінен салу керек.
  1. Экспортқа бейімделген 300-ге жуық
бейшикізаттық кәсіпорын ашу (3 жыл ішінде).
  1. 2021 жылдан бастап орта және шағын бизнесті жылдық пайыздық
мөлшерлемесі 4  пайыздан аспайтын несиемен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету. ІV.      Ішкі саяси мәселелер. Қоғамның демократиялануы:
  1. 2021 жылға дейін халықтың әкімдіктер мен орталық мемлекеттік
органдардың жұмысын бақылауының жариялы, қарапайым механизмін жасау.
  1. Жыл сайын шығармашылық одақтарғагранттық негізде 25,0 млрд теңгеге
жуық қаржы бөліп отыру.
  1. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас
жемқорлықтың көбеюі:
  1. 2021 жылға дейін сыбайлас жемқорлықты 90 пайызға жойып, сыбайлас жемқорлық деңгейін дамыған еуропалық елдер дәрежесіне дейін төмендету.
  Аталған міндеттерді шешу үшін қосымша қаражат қажет емес, түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен үлкен жобаларда қарастырылған қаражат жеткілікті. Барлық бұл мақсаттарға бюджеттік қаржыны тиімді жұмсау арқылы қол жеткізуге болады. Өзінің тағдыры, өз балаларының болашағы алаңдататын жандар бізді қолдауы тиіс. Ал тұрмыс жағдайы жақсы, бюджеттің «майшелпегімен» майланып жүрген адамдарға бұл қажет емес, тіпті, олар үшін қауіпті. Сондықтан олар өздерінің «қолбала» сарапшылары арқылы аталған ұсынысты қаралап, бұл – жай дақпырт деуі мүмкін. Халық қордаланған мәселелерді алыс келешекте емес, дәл қазір шешуге мүдделі. Сол себептен, біздің ұсыныстарымыз жедел, нақты сипатқа ие. Үкімет біздің ұсыныстарымызды әдеттегідей ешнәрсе естімеген, көрмегендей болып жауапсыз қалдыра ма деген қаупіміз бар. Біз еліміздің азаматтарынан, саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден, Отан патриоттарынан  көрсетілген ұсыныстарға байыппен қарап, бірге талқылауды, нақтылауды және іске асыруға қолғабыс тигізуін сұраймыз. Жоғарыда көрсетілген мақсаттардың нақты орындалатынына бек сенімдіміз. Тек осыны жүзеге асырудың механизмін жетілдіріп, нормативтік құқықтық актілерге кейбір өзгерістер енгізу қажет. Егер біздің үндеуіміз Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Кеңесті, қатардағы азаматтарды қызықтырса, біз осынау мақсаттарға қалай жетуге болатынын мейлінше кеңінен баяндап беруге дайынбыз.   Бастамашыл топтың жетекшісі Ислам Әбіш