Белгілі ақын Қазыбек Иса Ұлттық кеңестің мүшесі атанды
2019 ж. 17 шілде
6363
8
Белгілі ақын, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары, "Қазақ үні" холдингінің президенті Қазыбек Иса Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды, - деп хабарлайды qazaquni.kz.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамын бекіту туралы Қаулығы қол қойды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Ұлттық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады, - делінген Қаулыда.
Атап өту керек, Ұлттық кеңестің төрағасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, төраға орынбасары ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қырымбек Көшербаев, кеңес хатшысы болып Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин тағайындалды.
Сонымен қатар, Ұлттық кеңеске "Ақ жол" партиясы атынан Мәжіліс депутаты Дания Еспаева да мүше атанды.