Қазақстан Президенті жаңа министрге заңнамалар мен нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» және «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын, туризм, спорт, мәдениет және тіл саясаты салаларындағы жобаларды іске асыру жөнінде бірқатар міндет қойды.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту, жергілікті атқарушы органдармен және бизнес-құрылымдармен өзара ықпалдастықты нығайту бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.