Қасым-Жомарт Тоқаев: Көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы
2019 ж. 05 шілде
3354
0
Елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті, - деп хабарлайды baq.kz.
Бұл салтанатты шара Нұр-Сұлтан қаласының 21 жылығын атап өтудің бастамасы болып отыр.
Тоқаев ең алдымен жиналған қауымды келе жатқан елорда күніме құттықтады.
«Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. "Туған жерге туыңды тік" деген даналықтың мән-мағынасы осында. Себебі, біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздерің сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтуде", - деді президент ту көтеру рәсімінде.
Тоқаев өз сөзінде ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы дамтыудағы ерен еңбегін атап өтті.
"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төл туындысы елордамыз халқымыздың жарқын болашаққа деген ұмтылысын айқындайды. Бас қаламыз - "бір ел, бір халық" болып жұмылған еліміздің жүрегі. Ел астанасы бүгінде халықаралық жиындар өтетін аса маңызды геосаяси орталыққа айналды. ЮНЕСКО ұйымы елордамызды "бейбітшілік қаласы" деп атады. Ел астанасы қарқынды дамып келеді. Бұл ең алдымен елбасымыздың теңдессіз еңбегі, дана халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Біз қаланың беделін одан әрі арттыра береміз", - деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар шара барысында Тоқаев еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындарын бітірген 27 курсантқа әскери шендер мен атақтарды тапсырды.
"Бүгін сіздер үшін өте маңызды, ешқашан ұмытылмайтын күн. Барлығыңызға офицер шені беріледі. Әскери оқу орындарында алған білімдеріңізді отанымыздың тәуелсіздігін сақтауға жұмсайтын кез келді. Нағыз сардар елдің мықты қорғаны болуы тиіс", - деп сөзін түйіндеді президент.
Мемлекеттік тудың көлемі 15х30 метрді құраса, биіктігі 111 метрге тең. Ал салмағы - 95 кг.