ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ – Президент Әкімшілігінің Басшысы
2019 ж. 28 маусым
4243
1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын», – делінген Жарлықтың мәтінінде.
Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарған Қырымбек Елеуұлы Алаштың анасы атанған Сыр елін басқару барысында ауқымды істер атқарып, туған елінің тұғырын биіктетіп, абыройын асқақтатқан азамат!
Сондай-ақ, әр жылдары білім, денсаулық және спорт саласындағы министрліктерді басқару арқылы Тәуелсіз Қазақстандағы барлық саланың жілігін шағып, майын ішкен мемлекет және қоғам қайраткері. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқара отырып ішкі және сыртқы саясаттың да қыр-сырына қаныққан мемлекеттік қызметкер.
ҚР Президенті Әкімшілігінің тізгінін ұстаған Қырымбек Елеуұлының алдағы істеріне сәттілік тілей отырып, егемен еліміздің еңсесін тіктеу жолындағы жұмыстарына жеміс тілейміз!