Азат Перуашев: Жемқорлардың халықтан ұрлаған қаржысы Ұлттық қордағы қаражаттан екі есе көп!..
2019 ж. 22 мамыр
3417
1
Өйткені жемқорлар бостандыққа шыққасын, капиталдарына оралатынына сенеді
Жақында жемқорлардан 180 миллион теңге қайтартқызған «Ақ жол» партиясы Бас прокуратураға жемқорлық қаражаттың оффшорларға кетуін тоқтату ұсыныстарын жолдады» - аталмыш депутаттық сауалды бүгін Азат Перуашев мәлімдеді. Депутаттың пікірінше, «күні бүгінге дейін Қазақстаннан сыртқа 167 млрд доллардан астам қаражат шығарылған.» Бұл-халықаралық сарапшылардың анықтағаны.
Нақтылай айтсақ, «жемқорлардың халықтан ұрлаған сомасы еліміздің тәуелсіздік жылдарында мұнай сатылымынан түскен Ұлттық қордағы қаражатынан екі есе көп.»
Перуашевтің айтуынша, «Ақ жол» фракциясы 2012 жылдан бастап, халқымыздан ұрланған ақшасына байланысты күресін тоқтатқан жоқ. Партия әрдайым уәкілетті органдардан ұрланған миллиардтарды Қазақстанға қайтару жұмыстарын реттеуді талап етіп келеді. Алайда бұл талаптардың нәтижелерінің ішіндегі ең көрнекісі – жақында қайтарылған 180 млн. теңге, яғни жарты миллиондай доллар. Мұның өзі нәтиже. Дегенмен оны ұрланған ақша көлемімен салыстыруға мүлдем келмейді. Және бұл процестің ары қарай жалғасып жатқанын айту керек. Себебі жеті жыл бұрын дәл осы сарапшылар мемлекеттен 138 млрд доллар шығарылды деп жазған болатын».
- Сол себепті, - деді Азат Перуашев, - Біздің алдымызда ұрланған ақшаны қайтару мәселесі ғана емес, сыртқа тоқтаусыз кетіп жатқан заңсыз капиталдың орын алуына жол бермеу міндеті тұр. Жемқорлар сотталған жағдайдың өзінде, олар мерзімнен бұрын шартты босату арқылы бір-бір жарым жылдан соң бостандыққа шығып, өздерінің капиталдарына қайта оралатынына сенеді.
Перуашев: «Жемқорлардың бұл әрекетін алғаш рет Батыс елдері байқаған болатын. Осыны ескеріп, АҚШ-тың бірнеше штаты жемқорлық бойынша 10-15 жылға сотталған азаматтарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салған. Дәл осындай заң Беларусь мемлекетінде де қабылданды: «Жемқорлық қылмыстары үшін сотталған азаматтарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға немесе азаматқа заңда көзделгеннен жеңілірек жаза тағайындауға болмайды». Мұндай заң жобасын РФ Мемлекеттік Думасы да енгізді. Ұрланған ақшаның сомасы мен бопсалаушылық туралы фактілерге қарамастан (мүмкін солардың арқасында), тек Қазақстан ғана жариялы түрде ұзақ мерзімге сотталушыларды бірінші мүмкіндік туған жағдайда еш айғай-шусыз бостандыққа шығарады. Қазақстандықтар ол туралы іс біткен соң, БАҚ-тан біледі».
Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы сотталушылардың шартты түрде мерзімінен бұрын босатуын болдырмау үшін қылмыстық заң нормаларына келесіні енгізуді талап етеді: шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндіктеріне жол бермеу және сотталушылардың ұрланған қаражат сомасын толық өтемейінше, елден сыртқа шығуына тыйым салу.
Депутаттық сауал ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге және ҚР Бас прокуроры Ғ.Д. Нұрдәулетовке жолданды.
«Ақ жол» партиясы жемқорлыққа қарсы күрес және де-оффшоризация бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.
qazaquni.kz