Белгілі тарихшы: Шыңғыс хан моңғол емес
2018 ж. 02 қыркүйек
12121
0
Қазақстан зерттеушісі, әуезқой тарихшы Шыңғыс хан ұрпақтарының әлемдегі ең үлкен шежіресін құрастырды, - деп хабарлайд e-history.kz.
Осы зерттеудің тарихы 15 жыл бұрын басталды. Мамандығы бойынша инженер Анатолий Григорьевич Оловинцов әр уақытта тарихқа қызығып қарайтын болды. Көпшілікке танымал емес деректерді іздеп, көп кітап оқып шықты. Көпті білетін адам болып, әуезқой тарихшы, зерттеуші, жеті кітаптың авторы Шыңғыс хан ұрпақтарының шежіресін құрастырды.
— Анатолий Григорьевич, шежіреге қарап отырып, соған таңғалып тұрмын. «Түркілер немесе моңғолдар? Шыңғыс ханның дәуірі» атты соңғы кітабыңызды ұстай отырып, бір ғана сауал туады: осымен қалай айналыса бастадыңыз?
— Шежірені құрастыруға жоғары оқу орындарына арналған Қазақстан тарихы бойынша кітаптары түрткі болған. Оқулықтан-оқулыққа қазақ хандарының шежіресі қайта бастырылады. Осындай сызбалардағы мәліметтер белгілі бір ретте жазылған есімдердің тізбегі ретінде ғана беріледі. Одан артық ақпарат жоқ еді. Оның үстіне, шежіредегі адамның билеген кезеңі және иерархияда одан жоғары орналасқан адамға қатынасы (ұлы, ағасы, немере інісі және т. б.) белгісіз болып қала берген.
Бәріне талдау жасағаннан кейін, басқаша істеу керек деп түсіндім. Кейінгі зерттеуім үшін Н. Назарбаевтың «Халық тарих толқынында» кітабы бағдар болған. «Еуразиялық континеттегі қазақ хандарының шежіресі» деген сызбаны құрастыра бастадым, ал есептеу нүктесі ретінде Шыңғыс ханды алдым. Осы сызбада қолбасшының барлық ұрпақтары (Шыңғыс ханның туылған күнінен бастап келесі 800 жылға дейінгі) көрсетілген. Оны мен 15 жыл бойы құрастырып жаздым. Тарихта бүкіл мәліметтер бар, барлық есімдер мен деректер сақталған, тек қана зерттеу қажет.
Бұл сегіз жыл бұрын құрастырылған алғашқы сызбам. Қазіргі кезде де керекті мәліметтерді тауып алып, оны толықтыра беремін. Бұл сызба Қазақстанның рекорд кітабына кірді, мұнда әлемде тура осындай шешіренің жоқ екендігі жазылған. Оловинцов осы шежірені құрастырғаны үшін Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі атағын алған. Зерттеуші, белгілі шыңғыстанушы Ғ.ТабылдинАнатолий Оловинцевке зерттеу жолына көмектесті.
Айта кету керек, сонымен бірге, осы шежіреде Қазақ хандығының негізін салған Жәнібек пен Керейдің толық шежіресі берілген. Олар Шыңғыс ханның 13-ші ұрпағы болып саналады. Кейін қазақ хандарының бөлек шежіресі құрастырылған.
— Зерттеулерді жүргізгенде, қандай дереккөздерді пайдаландыңыздар?
— Ғизат Табылдиновпен зерттеулерді жүргізе отырып, араб, парсы, батыс-еуропалық, қытай, ресей дереккөздерін пайдаланып, мұрағаттар және кітапханаларда отыратын болдық. Қажетті ақпаратты тауып алу немесе сызбаға бір есімді қосу үшін ондаған кітаптарды оқып шығу керек.
— Кейінгі зерттеу жұмыстарыңызды қалай жалғастырдыңыз?
— Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ахметовқа өз сызбамды көрсеткенде, Алматыдағы Ш. Уәлиханов атындағы институттың мамандарына барып келу, сонымен бірге, бар болған мәліметтерге сүйене отырып, кітап жазу керек, деп өз кеңесін берді. Жағрапия маманы Ғизат Табылдинмен бірге «Чингизиды» атты альманахты жаздық. Кітап сызбаны түсіндіретін құрал ретінде жарық көрді. Әр есімнің қасында адамның өмір сүрген жылдары, айналысқан кәсібі-де жазылған. Сонымен бірге, кіммен соғысып жатқаны, саудалық қарым-қатынасқа түскені және басқа мәліметтер де жазылған. Шыңғыс ханның 18 ұлы болды, деп санағанбыз. Бірақ та олардың төртеуі ғана тарихта белгілі болған тұлғалар.
Анатолий Григорьевичтің болжамы бойынша, моңғолдарды ұлт ретінде деп ұғыну дұрыс емес болады, өйткені моңғолдар деген атау саяси мәнге ие болған: Шыңғыс хан өзінің қол астындағы тайпаларын осылай атаған еді.
«Түркілер немесе моңғолдар» кітабының соңғы басылуында, — зерттеуші өз әңгімесін одан әрі жалғастыра береді, — «Выводы, или системный анализ из прочитанного за 800 лет» («Қорытындылар, немесе 800 жыл бойындағы оқылғанға жүйелі талдау») деген тарау бар, мұнда моңғолдарды ұлт ретінде түсіну дұрыс емес болады деген тұжырыммен келіскен 50 ғалымның есімдері берілген. Олардың ішінде Оңтүстік Қытайдан Шыңғыс ханның ордасына іс-сапарға жіберілген елші-де бар еді. Ол Моңғолияда моңғолдарды іздеген. Мұндағы көрген адамдарды «кімсің?» деп сұрады. Олар былай деп жауап берген: татармын, найманмын, маңғытпын, кереймін, т. б.. Кеңес Одағында-да осындай жағдай болған, Америкада-да осындай жағдай қалыптасты: демек, кеңестік ұлт не американдық ұлт сияқты ұғымдар жоқ еді. Моңғолияда тура осындай жағдай қайталанған: Шыңғыс хан өзінің қол астындағы тайпаларды біріктіріп, оларға «моңғолдар» деп жалпы атауын берген. Міне, осы атауы былай қалыптасқан еді.
Шыңғыс хан моңғол емес болған еді
«Түркілер немесе моңғолдар» кітабында Шыңғыс ханның моңғол емес болғанын дәлелдеп отырмын. Шашы қызғылт сары, көзі сұр түсті, сақалы бар адам болған екен. Басқалардай, түрік тілінде сөйлеген. Міне, дәлелдердің кейбіреулері. 1246 жылы Құйық хан Рим папасы Иннокентий IV-ге хат жазып, сырт жағына мөр бастырған. Мөрдегі мәтін ұйғыр әрпімен түркі тілінде жазылған.
Сонымен бірге, тағы да бір дәлелі ретінде пайцзаны келтіре аламыз. Пайцза — командирдің мандаты, пайцзалар күмістен, алтыннан жасалып, белбеуге жапсырылған болатын. 20 пайцза табылған, олардың он бірі туралы өз кітабымда жаздым, пайцзалардағы жазулар түркі тілінде жазылған еді.
Анатолий Оловинцовтың кітабы
Людмила Выходченко